Павлодар облысында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар өз нәтижесін көрсетті. Былтырмен салыстырғанда тұрмыстық қылмыстар саны 11-ге азайып, 144-тен 133-ке төмендеген. Бұған не себеп? Алдағы сюжетткен көрейік.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың негізгі себептерінің бірі алкогольді шамадан тыс пайдалану. Өткен жылы тіркелген 60 қылмыс ішімдік ішу кезінде, сондай-ақ қызғаныш пен әлеуметтік тұрмыстық жанжал салдарынан жасалған. Қылмыс жасағандардың басым бөлігі - жұмыссыздар. Ал төрт адам бұрын сотталған болып шықты.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандары арасында ер адамдар да бар. Өткен жылы 19 ер адам полицияға жүгінген. Барлығы 4 351 өтініш қабылданып, 2 376 сауалнама жүргізілді. Соның ішінде 93 жағдай «жоғары қауіп» санатында. Азаматтар профилактикалық есепке алынды.
Айта кетейік, қылмыстық кодекске «Сталкинг» және «Неке қиюға мәжбүрлеу» баптары енгізілді. Биыл облыста сталкингтің 4 фактісі тіркелген. Құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін Павлодар қаласындағы арнайы қабылдау орнында профилактика кабинеті жұмыс істейді. Мұнда психологтар мен қоғамдық ұйым өкілдері заңнаманы түсіндіріп, психологиялық көмек көрсетеді.
Сабина Жолдаспаева