Павлодарлық КатенЁвтер отбасы әлемдік цирк фестивальдерінің бірі –Монакода өткен халықаралық фестивальде үлкен жетістікке жетті.Илья, Регина және олардың сегіз жасар қызы Зара күміс Клоун-жүлдесін және көрермендер көзайымы сыйлығын иеленді.
Отбасы көрсеткен әуе акробатикасы –шашпен және тіс арқылы орындалатын бірегей номер –қазылар алқасы мен көрермендерді тәнті етті.Мұндай отбасылық форматтағы өнер әлемдік цирк сахнасында алғаш рет ұсынылды.
Илья Котенёв, цирк әртісі
Фестиваль директоры маған өзі хабарласа бастады.Отбасылық өнеріміздің видеосын жіберуімді сұрады.Мен кейбір жағдайларға байланысты видео түсіруге мүмкіндігіміз жоқ екенін айттым.Бірақ ол жазуын тоқтатпады.Кейін бізге Пильц мырза келіп, өнерімізді көрді.Кейіннен білдік, ол ханшайым Стефанияның өтінішімен келген екен.Ханшайым бізді инстраграмм арқылы бұрыннан бақылап,шығармашылығымызға басынан бастап қызығушылық танытқан.
Күміс Клоун – фестивальдің ең беделді марапаттарының бірі.Ал көрермендер дауыс беруі нәтижесінде Котенёвтер үштігі абсолютті жеңімпаз атанды.
Регина Котенёва, цирк әртісі
Монте-Карлода кейбір көрермендер көз жасын тыя алмады.Бізге келіп, ең үздік өнер көрсеткенімізді айтты.Трюкты көп адам орындай алады.Бірақ біз, шамасы, көрерменнің жүрегіне жол таба алдық.Өйткені сахнада отбасылық жылулықты көрсеттік.Нөмірде алдымен мен шығамын, кейін Илья қосылады,ал соңында қызымыз Зара сахнаға шығып, үшеуміз бірге өнер көрсетеміз.
Фестиваль барысында отбасының ең жас мүшесі – сегіз жасар Зара Котенёва
ең жас қатысушы ретінде жеке кубокпен марапатталды.
Зара Котенёва, цирк әртісі
Маған циркте өнер көрсету ұнайды.Көрермендер қол шапалақтайды, мен соны жақсы көремін.Сахнаға шыққанда өзіме сенемін.Жаттығуды жақсы жасаймын.Ханшайым Стефания маған футболка мен ойыншық піл сыйлады.Оның ішіне сурет салуға болады, тағы қалам да берді.
Бұл жетістік – көпжылдық жаттығу мен әлем елдеріндегі гастрольдердің нәтижесі.Енді павлодарлық өнерпаздарды жаңа келісімшарттар мен халықаралық сапарлар күтіп тұр.
Дильназ Қуанышбекқызы