Елімізде жаңа Конституцияның жобасы талқыланып жатыр. Бұл – еліміз үшін маңызды қадам. Ардагерлер мен қоғам белсенділері жаңа Конституцияны талқылап, өз қолдауын білдіруде. Жаңа құжат еліміздің дамуы мен бірлігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Жаңа Конституцияның ең басты ерекшелігі – елдегі ішкі тұрақтылық. Еліміз көп ұлтты. Барлығы бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп келеді. Сол ынтымақты сақтай отырып әр жас ұрпаққа патриоттықты, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету мәдениетін насихаттау – маңызды міндеттер қатарында. Өйткені тәрбие тал бесіктен басталады.
Сейсембай Жетпісбаев, Павлодар облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары
Биылғы жыл жаңа конституцияның басталуы. Жаңа конституциямызды қабылдаймыз. Ардагерлер болып бізде талқылап жатырмыз. Жалпы қолдап жатыр. Конституциямызды жаңа деуге болады. Себебі 80 пайызы жаңартулар енгізіп жатыр.Преамбуласында түрлі материалдар бар.
Сонымен қатар, жаңа Конституция жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, патриоттықты дамытуға, ұлттық құндылықтарды санасына сіңіруге бағытталған. Бұл – елдің тұрақтылығы мен азаматтық жауапкершілікті нығайтуға арналған маңызды қадам.
Сейсембай Жетпісбаев, Павлодар облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары
Осы конституцияда менің аңғарым қалғаным ассамблея туралы айтылмаған. Бірақта ассамблеяның жаңадан өзгерісі конституциядан бойынша қазақстан халық кеңесі ашылады. Жаңа конституциядан жаңадан қоғам. Біздің қоғам мүшелері осы брйынша жұмыстар атқаратын болады. Біздің бірлігімзді сақтау үшін.
Жаңа Конституция – тек заңдық құжат қана емес, қоғамдағы татулық пен азаматтық жауапкершілікті нығайтатын негізгі бағдарлама болып отыр.
Дильназ Қуанышбекқызы