Жаңа Конституция жобасында неке мен отбасы ең жоғары құндылықтар болып бекітілді. Енді мемлекеттік органда ресми тіркелген неке ғана заңды деп танылады. Ал, жанұя ұғымы ер мен әйелдің ерікті түрде қосылған, тең құқылы одағы ретінде айқындалады. Ел тұрғындары бұл шешімді мың жылдық тарихы бар халқымыздың дәстүрлі құндылықтарын ең жоғары құқықтық деңгейде қорғау және отбасы тәрбиесін нығайту деп баға берді.

Әр мемлекеттің негізгі тірегі - отбасы. Яғни, асқар тау әке, бесік тербеткен ана және әке мен шешенің ортасында тербеліп өскен бала. Жаңа Конституция жобасында бір норма арқылы ғана мемлекеттің негізгі ұстанымы нақты айқындалып отыр. Яғни, заңды неке, отбасы құндылықтарын нығайту және оны кеңінен дәріптеу.

Серік Елікбай Ғалым, жазушы

-Ең басты дүние осы арадағы отбасын сақтап қалған мемлекет. Ол сол мемлекеттің ертеңінен үміт күтетіні анық. Біздің қазақтың үлылары Абайды Құнанбайсыз елестету мүмкін емес. Сол секілді Мәшһүр Жүсіпті Көпейсіз елестету мүмкін емес. Әр қайсысының қазақтың даласында, қазақтың жерінде, қазақтың рухында орны бар азаматтар. Әрі әкесі биік жанның әкесінің айтатын арлы сөзін, арманды сөзін айтатыны анық. Отбасын сақтау бұл біздің басты міндетіміз.

Отбасында берілген тәрбие ол Отанға адал болу деген сөз дейді ардагер ұстаз Шәрбат Төлеуқызы. Ол қазір зейнетте , бірақ қала мектептерінде оқушыларға отбасы құндылықтары жайлы қосымша сабақ береді. Табыс үшін емес, ұрпақ тәрбиесіне алаңдаған соң.

Шәрбат Жұмаділова ардагер ұстаз.

-Жанұя шағын мемлекет деген бар. Енді осы сөзде үлкен дүние тұр. Шағын мемлекет, қалай? Кейде бір қазақтың отбасын көресің, оншақты баласын тәрбиелеп жан-жақты, малды, басты. Алқып-шалқып отырады. Сол кезде соған мынау бір қазақ елі ғой деп қарайсың. Бұл бір кішкене Отан. Егер әрқайсымыз сондай бір кішкене Отанды дайындайтын болсақ онда ол біздің Отанның беріктігі, нығайуы, ол бізге байланысты екендігі әбден белгілі. Енді біздің Отбасының өнімі, біздің өніміміміз мына балалар ғой.

Заңгерлер ғана емес, құқықтанушылар, азаматтық сектор өкілдері, сарапшылар жаңа Ата Заң жобасы отбасы институтын нығайтуға және қоғамдық жауапкершілікті арттыруға бағытталғанын айтады. Бұл дер уақытында қолға алынған өзгеріс деп санайды.

Данияр Жұмәділов, қоғамдық ұйым жетекшісі

-Қазіргі жаһандану заманында, әлеуметтік желілердің дамыған заманында, қазір мынау Батыстың менталитеті кіріп жатқан заманда осы нақты некеге қазақтың бір құнды дүниесі ретінде мән беріп жатқаны осы Конституциядағы ерекше бір атап өтетің дүниелердің бірі деп ойлаймын.

Отбасының беріктігі – мемлекеттің тұтастығы. Конституцияның жаңа жобасына Неке туралы норманың енгізілуі – отбасы институтының мызығмас беріктігіне кепілі болмақ.

Жанасыл Серікбол