15 наурыз күні өтетін Референдумда жаңа Конституция жобасы қолдау тауып жатса, әр салалық заңдар қайтадан қарастырылып, Ата заңға бейімделіп қабылданатын болады. Яғни жұмыс істеу барысы нақтыналады. Сондықтан – бұл Конституцияның мән маңызы зор.

Конституцияның негізгі өзегі – преамбула. Былайша айтқанда бұл кіріспесі. Оған ең алдымен тәуелсіздігімізді шегендейтін маңызды, қоғамдағы қазіргі уақыт талабына сай, алдағы жылдары өзекті болып тұратын маңызды ұсыныстар енгізілді. Яғни преамбулада атап өтілу деген, Конституцияда осы салаларға мән беріледі деген сөз, деді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты.

Жарқынбек Амантайұлы, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты

Ең маңызды құндылықтарды айтсақ болады. Бұл мемлекетіміздің мыңдаған жылдық тарихы бар. мыңдаған деп өзгертілді. Осы тәуелсіздікті тасымалдаушы халық екені айтылды. Преамбулаға енді және конституцияның жекелеген баптарында көрініс тапты. Салалық заңдар қабылданатын болады.

Самал Қалиқызы