Павлодар облысына шыбын шіркейді улау мақсатында дрондар жеткізілді. Бұл әуеден, өзен арқылы өндеу мүмкін емес аумақтарда жұмыс істейді. Жалпы биыл облыста дезинфекциялық жұмыстар қалай жүзеге асады? Самал Қалиқызы айтсын.
Павлодар облысында биыл шыбын шіркейді улау жұмыстары 172 мың гектарды құрайды. Қазіргі таңда өңірге 10 әуе борты жеткізілді. Ұшақтар улау жұмыстарын бүгіннен бастайды.
Жалпы биыл 234 мың тонна биопрепарат, 14 мың литр химиялық препарат қолданылады. Бүгінгі таңда препараттар толық көлемде жеткізілді деді, жауапты басқарма басшысы.
Әуеден кейінгі кезең өзен арқылы өңдеу басталады. Оның ұзындығы 3200 шақырымды құрайды, ол да биыл ұлғайтылды. Мұнда 4 баржа қолданылады. Су аумағы 137 мың килограм препаратпен өңделеді.
Бұдан бөлек, биыл өңірде қансорғыштарды улау мақсатында алғаш рет дрондар пайдаланылады. Бұл адам аяғы жетпейтін аумақтарда қолданылады.
Сонымен, өңірде әуеден өңдеу жұмыстары басталды. Келесі кезең өзен арқылы жүзеге асады. Кейін барьерлік дезинфекциялау жалғасады. Биыл елдімекендер қатары да 67-ге артыпты.
Самал Қалиқызы