Баянауыл ұлттық табиғи паркінің аумағында еріктілердің қатысуымен ауқымды экологиялық акция өтті. Облыс әкімі Мемлекет басшысына телекөпір арқылы байланысқа шығып, экологиялық шаралар барысын баяндады.
Өткен сенбілік ел аумағында өтті. Отандастарымыз қала, аудан, елдімекендерін қоқыстан тазартып, көшет егіп, абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Павлодар, Түркістан, Батыс және Шығыс Қазақстан әкімдері мен экобелсенділері телекөпір арқылы Президентпен байланысқа шығып, атқарылған жұмыстар бойынша ақпарат ұсынды.
Шараға 200 мыңнан астам тұрғын қатысты. Туристік мәдениетті арттыруға жастар тартылды. Баянауыл ұлттық табиғи паркі елімізде алғаш құрылған ерекше қорғалатын парк. Аумағы 68 мың гектарды құрайды.
Алтынбек Құрманов, Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің экологиялық ағарту жөніндегі инженері, мемлекеттік инспекторы
Бізде арнайы тұқымбақ бар. Онда қарағай түршіктерінен айрылып, кейін алқаптарға отырғызамыз. Баянауылға 130-150 мың адам келеді. Сол бекеттерде экологиялық ағарту жұмыстары жүргізіледі. Қалта беріледі қоқыстарды жинап алсын деп.
Аделя Бектемірова, ерікті
Біз Баянауыл жастары Мемлекет басшысы Қасымжомарт Тоқаевтың бастамасын қолдау мақсатында экологиялық қатысып жатырмыз. Экологиялық акцияны қолдаймыз
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясының мәні мен мағынасы зор. Табиғатты қорғаушылар үшін бұл бір күндік акция емес, бұл күндегі атқарылатын жұмыс деп отыр.
Самал Қалиқызы