Сан мыңдаған шәкірттерді білім нәрімен сусындатып, тәлім мен тәрбиені бойларына сіңіруге күш салған, талай майталман ұстаздардың ізі қалған Айнакөл орта мектебінің іргесі қаланғанына биыл – 50 жыл! Толығырақ салтанатты шараға куә болып қайтқан әріптесім Қымбат Садық тарқатады.
Ра¬сында алты алаштың баласы бас қосса – төр мұғалімдікі. Бұл мектептің негізі қаланғаннан бастап, ұстаздар оқушыларды білім нәрімен сусындатып, білімді ұрпақ тәрбиеледі. Елу жылдық кезеңде қызмет еткен ардагер ұстаздардың еңбегі қашанда зор.
Маржан Намазбаева, ардагер ұстаз
Қазір көбіне жастар істеп жатыр, зейнеткер ұстаздар аз. Жастардың да білетіні көп шығар. Бірақ, қазір балалар азайды. Бұрынғыдай 40 бала жоқ класста, 15-16 солай. Біздің мектебіміз ҰБТ-дан бірінші орын алып келеді,Сондай білімді болды, қазір де грантқа тапсырып, оқуға өтті. Қаншама бітіріп кеткен балалар ұстаз болып келіп жатыр, ол өзімізге де зор қуаныш.
1976 жылы негізі қаланған Айнакөл орта мектебі бүгінгі таңда ¬заманауи талапқа сай қалыптасқан іргелі білім ордасы болып отыр. Аралас мектепте жалпы 140 оқушы білім алады. Биыл мектеп табалдырығын 20 бала аттаса, 12 оқушы 11-сыныпты аяқтамақ.
Марат Байуаков, Айнакөл орта мектебінің басшысы
Оқу процесіне қарасақ оқушылар қалалық, облыстық республикалық деңгейдегі олимпиадаларға қатысады..Спорт жағынан айтар болсақ дзюдоға қатысады балалар, олардың да жетістіктері көп. Республика деңгейінде өз нәтижелерін көрсетіп жатыр. Және футболдан Айжан деген оқушымыз «Ертіс» командасының әйелдер клубында тренер болып жұмыс істеп жатыр.
Мұнда қырыққа жуық мұғалім еңбек етеді. Ұжым кәсіби біліктілігі жоғары, шығармашыл, жаңашыл жас ұстаздардан құралған.
Раушан Халық, Айнакөл орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Мектеп деген даналардың мекені деп осы мектептен қаншама дарынды түлектер ұшты. Жақсы оқу орындарына түсті, өте білікті ұстаздарымыз болды білім алған.
Салтанатты шара да мектеп тарихынан сыр шертетін бейнесюжеттер көрсетіліп, оқушылар әсем әннен шашу шашып мерекенің шырайын келтірді. Сонымен қатар, білім саласының дамуына аянбай үлес қосқан, бірқатар тәжірибелі ұстаздар түрлі марапатқа ие болды.
Ризагүл Негманова, Ақсу қаласы әкімінің орынбасары
Айнакөл мектебімізге 50 жыл, жарты ғасыр толып жатыр. Бұл мектеп үшін үлкен уақыт. Осы қара шаңырақтан қаншама адам шықты. Бүгінгі күні елімізге адал қызмет етіп жатқан оқушыларымыз бар, мақтан ететін ұстаздарымыз бар.
Елу жыл ішінде бұл білім ордасы талай түлек тәрбиелеп шығарды. Олардың қатарында әр салада табысқа жетіп, кейінгі буынға үлгі болып жүрген азаматтар көп.
Абай Алыпкашев, 1979 жылғы түлек, ауған соғысының ардагері
Қарап отырмын, мектептің ремонты түзеліпті, солай өркендей берсін. Мұғалімдер өсіп, оқушыларды биіктен көрейік
Әділжан Серікбай, Айнакөл орта мектебінің 11 «а» сынып оқушысы
Мектептегі осы 11 жылым жақсы өтті, көңілді балалық шағым өтті. Әрқашан осылай көркейіп, 100 жыл жасасын мектеп.
Мектеп ұжымы білім сапасын арттыру, жас ұрпақты тәрбиелеу жолындағы жұмысты әрі қарай жалғастыра бермек. Жарты ғасырлық тарихы білім ордасы талай ұрпаққа сапалы білім мен тағылымды тәрбие беретін қасиетті орда болып қызмет ететініне сенім мол.
Қымбат Садық