Павлодарда С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана қабырғасында мемлекеттік қызмет ардагері Боранбай Сқақовтың «Перипетии судьбы» атты жаңа кітабының тұсаукесері өтті.
Жаңа туынды автордың шығармашылық жолының жалғасы саналады. Кітапта естеліктер, жеке толғаныстар мен өміріне әсер еткен маңызды оқиғалар қамтылған. Автордың айтуынша, мұндай еңбектер жеке тарих қана емес, келешек ұрпақ үшін маңызды рухани мұра болып табылады.
Боронбай Сқақов, мемлекеттік қызмет ардагері
«Соңғы уақытта жазумен көп шүғылдана бастадым. Менің жасымдағы адамдар кейінгі ұрпаққа, тарих үшін міндетті түрде кітап қалдыруы керек деп ойлаймын. Бұл кітап негізінен менің жеке өмірбаянымнан басталады, себебі бұған дейін де екі кітап шығарғанмын. Біріншісі 2008 жылы “Наперекор судьбе” деген атпен шықты, онда негізінен Ресейде өмір сүрген отбасымыздың тарихы баяндалған, біз сол жерде туып-өстік».
Сондай-ақ, бұл жазушының үшінші кітабы екенін атап өткен жөн. Бұған дейін ол отбасы тарихы мен Павлодар заң колледжінің қалыптасуына арналған еңбектерін жариялаған.
Боронбай Сқақов, мемлекеттік қызмет ардагері
«Екінші кітабымды 2023 жылы “Честь имею” деген атпен шығардым, ол мен құрған және 11 жылға жуық басшылық еткен Павлодар заң колледжінің тарихына арналған. Ал “Перипетии судьбы” кітабы – менің өмірімдегі түрлі бұралаң кезеңдер туралы. Өмірімді сараласам, оның бәрі күтпеген бұрылыстардан тұратынын көремін. Перипетия дегеніміз – тосын өзгеріс, міне, менің өмірім осындай өзгерістерге толы».
Жаңа басылым оқырман қауым тарапынан қызығушылық тудырып, жеке және қоғамдық тарихты сақтауға қосылған маңызды үлес ретінде бағалануда.
Дильназ Қуанышбекқызы