Облыс әкімі орман алқаптарын тәулік бойы бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды. Железин мен Тереңкөл аудандарына барған аймақ басшысы орман шаруашылығы мекемелеріне барды. 

Өңір басшысына орман шаруашылығы мекемелерінің өрт қаупі жоғары кезеңге дайындығы, арнайы техникамен қамтамасыз етілуі, орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің жұмысы және жүргізіліп жатқан алдын алу шаралары туралы баяндалды.

Сағын Төлеутаев, Павлодар облысы жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы

Бұл мекеменің орман қорының аумағы – 46 мың гектардан асады. 36 мыңы орманмен көмкерілген. Бұл орман қоры мекемесінде үш орман қоры бар, бұл Қайыңды, Тасты және Уақ. Штат саны 67. Маусыдық 21 қызметкер уақытша қызметке алынады. Мында 7 өрт сөндіру көлігі, 16 трактор, 12 патрульдік автомобиль және кішігірім 12 өрт сөндіру кешендері бар. Катер және ерте өртті анықтау камерасы бар. 

Аймақ басшысы орманшылармен кездесіп, техникаларын тексерді. 

Орман қорына тұрақты бақылау орман өрттерін ерте анықтау жүйесі арқылы жүзеге асады. Мемлекеттік орман қорының 46,5 мың га аумағын Үрлітүп мекемесі, ал 27,6 мың га аумағын Максим Горький мекемесі қадағалайды. 

Сағын Төлеутаев, Павлодар облысы жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы

Бұл мекемеде 4 орман шаруашылығы бар. Федоровская, Трофимовская, Песчанная, Қашыр. Бүгінгі күні біз Песчанныйдамыз. Штат саны 50. Мауыс кезінде 90-ға дейін көбейеді. Материалдық техникалық жағдайына тоқталсақ, 4 өрт сөндіру автокөлігі, 17 трактор, 10 патрульдік автомобиль, 13 өртс өндіру кешені, 3 катер, 3 камера бар. Әрбір орман ашуаршылығында 500 литрден жанар-жағармай бар. 

Биыл екі мекеменің аумағында 7 орман өрті тіркелді. Мамандардың айтуынша, өрттердің басым бөлігі адами фактордың салдарынан орын алуда. Сонымен қатар, жауын-шашынның да ұзақ уақыт болмауы өрт қаупін одан әрі күшейтіп отыр.

Сағын Төлеутаев, Павлодар облысы жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы

6 сәуірден бастап 5 өрт орын алды. Жалпы 17 гектарды құрайды. 5-нің екеуі найзағай салдарынан, екеуі Лозовое ауылынан переход болды. Біреуі өрт сақтау қауіпсздігін бұзғаннан. Бұзушы анықталды. Тиісті әкімшілік жаза қолданылды. 

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша облыс әкімі орман алқаптарын тәулік бойы бақылауды қамтамасыз етуді, орман шаруашылығы мекемелерінің төтенше жағдайлар департаменті, жергілікті атқарушы органдар және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылын күшейтуді, сондай-ақ тұрғындар мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер арасында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыруды тапсырды.

Самал Қалиқызы