Ұлттық домбыра күні төл аспабымыздың қадір-қасиетімен қоса бабалар аманатын жалғастырып келе жатқан өнерпаздарға да назар аударылды. Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі мен Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында мерекелік шаралар өтті. Толығырақ – алдағы сюжетте.
Халқымыздың тарихы мен ұлы даланың асқақ рухы домбыра үнімен тығыз байланысты. Қазір бұл мәдени мұраны сақтап, насихатау жолдарының бірі ретінде жас орындаушыларға жан-жақты қолдау көрсетіледі.
Илья Теренченко, Павлодар облыстық мәслихатының төрағасы
«Біздің елімізде өте маңызды мереке – Домбыра күні атап өтілуде. Еліміздің Президенті Парламент Мәжілісі мен Сенатының бірлескен отырысында осы ұлттық аспап пен Домбыра күнінің ерекше маңызды рөлін атап өткен болатын. Бұл – Қазақстан халқының мерекесі. Бұл –мемлекеттіліктің мерекесі, өйткені бұл ұлттық аспап жалпы қазақ халқының рухын, басты идеясы мен идеологиясын жеткізеді.»
Шара қатысушылары Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі мен Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында болып, өңіріміздің бай рухани қазынасымен танысып, өнер иелерін мерекемен құттықтады.
Илья Теренченко, Павлодар облыстық мәслихатының төрағасы
«Біз мәдениет қызметкерлерін құттықтап, музейлер мен Естай атындағы мәдениет сарайын араладық. Ең маңыздысы – бұл игі шараның бел ортасында ұлттық рух пен дәстүрді жалғастыратын жастар жүр. Барша отандасты мерекемен құттықтаймын! Мұндай шаралар неғұрлым жиі ұйымдастырылса, бұқараның қатысуына да мүмкіндік мол болады. Қай мереке болсын, халықты біріктіретіні сөзсіз.»
Ғасырлар көшінен жеткен ұлттық аспап бүгін жаңа заман тынысымен үндесіп тұр. Жас өнерпаздардың қолындағы қара домбыра ұрпақтар арасын жалғайтын алтын көпірге және ұлттық кодты сақтайтын символға айналуда.
Жұлдыз Қабылденова