Негізгі Жаңалықтар «Абай. жастар. болашақ» кеші өтті

«Абай. жастар. болашақ» кеші өтті

Павлодарда Абай күніне арналған іс-шаралар бастау алды. С.Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының «Абай алаңында» ұлы ақынның рухани мұрасын насихаттауға арналған «Абай. Жастар. Болашақ» атты шығармашыл жастармен кездесу өтті.


Кездесудің негізгі мақсаты – жастардың Абай шығармашылығына қызығушылығын арттыру, ақынның әдеби-философиялық мұрасын кеңінен дәріптеу және ұлттық руханиятқа деген құрметті нығайту. Басқосуда Абайдың қара сөздері мен өлеңдерінің бүгінгі қоғамдағы өзектілігі, жас ұрпақ тәрбиесіндегі орны және рухани құндылықтардың сабақтастығы сөз болды.

Медет Тауасқан, Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы

Жылда танымдық дөңгелек үстелдерменен, оқулармен Абай күнін атап өтетін жайымыз бар. Бүгінде соның бастамасы басталып жатыр. Бір парасы жастарменен өнерге қатысы бар, мәдениетке қатысы бар жастарменен кездесіп дөңгелек үстелде осы Абайдың терең сөздеріне тағы да бір мән қойсақ деген жайымыз бар. Жалпы облысымызда 300-ге жуық іс-шара ұйымдастырылу күтілуде. 

Шара аясында Поэтри Нон-Стоп әдеби эстафетасы ұйымдастырылды. Жас ақын Нұрсәт Сәрсенбай Абайдың қара сөздерінен үзінділер оқып, ақын мұрасының жас буын үшін маңызын атап өтті.

Нұрсәт Сәрсенбай, 11-сынып оқушысы

Жалпы ақын болғандықтан Аспанбек ағамыз айтпақшы «ақын деген атты алып, ақиқат айту тілге серт деп сол сияқты ақын болу ол ақиқатты жырлау. Ақ қараны тану, ол жолда Абайдан асып жырлаған ешкім жоқ деп ойлаймын өзім. Сондықтан Абайды әр ақын пір тұтатыны және бағыт бағдар көрсететін бірінші қазақта ұстазы Абай, содан кейін кітап деп ойлаймын өзім. Сол сияқты адам адам болып алу үшін ол өз тарихын, өз-өзін өткен күнін біліп алу керек деп ойлаймын. Оның жолында Аай нағыз бағыт-бағдар көрсететін тұлға. 

Кештің көркем бағдарламасында «Самиян» тобы мен Мағжан Ысқақ Абайдың әндерін орындап, көрерменге ұлттық рухқа толы музыкалық тарту жасады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Абай күніне орай өңірде 300-ге жуық мәдени-ағартушылық іс-шара өткізу жоспарланған. Кездесу соңында қатысушыларға Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа басылымы сыйға тартылды.

Дильназ Қуанышбекқызы 



Бөлісу