Негізгі Жаңалықтар Төтеншеліктер мен кәсіпорынның бірлескен оқу-жаттығуы өтті 

Төтеншеліктер мен кәсіпорынның бірлескен оқу-жаттығуы өтті 

Екібастұзда көмір кәсіпорнында төтенше жағдайларға қарссы жағыдалрды қалыптастыруға арналған оқу-жаттығу өтті. Онда құтқарушылар жоғары жүктеме жағдайында карьерде жұмыс істейтін ауыр техниканың өртенуі кезіндегі іс-қимылдарды пысықтады. Міндет – оқиға орнына тез жетіп қана қою емес, уақыт санаулы болған жағдайда барлық қызметтердің қаншалықты үйлесімді әрекет ететінін тексеру.


Сигнал келіп түсті – уақыт есебі басталды. Құтқарушылар оқиға орнына жетіп, техникаларын орналастырып, шартты түрдегі өрт ошағын сөндіруге кірісті. Сонымен қатар кәсіпорында жауапты қызметтер де өз іс-қимылдарын пысықтауда. Олар да нақты апат кезінде алғашқы минуттарда өртті оқшаулап, оның таралуына жол бермеуде шешуші рөл атқарады.

Азамат Қанағатов, Павлодар облысы тжд өрт сөндіру жедел кезекші қызметі басшысының орынбасары

«Павлодар облысы ТЖД бөлімшелері тұрақты түрде әртүрлі нысандарда өрт-тактикалық оқу-жаттығуларын өткізеді. Бүгін осындай оқу-жаттығу “Богатырь” ЖШС кәсіпорнында өткізілді. Негізгі мақсат – Павлодар облысы ТЖД бөлімшелерінің, нысан персоналының, сондай-ақ осы нысанның қызметтерімен өзара іс-қимылын пысықтау. Бұл оқу-жаттығуға Павлодар облысы ТЖД тарапынан 5 техника және 18 жеке құрам қызметкері жұмылдырылды. Тактикалық жоспарға сәйкес, жөндеу жұмыстары кезінде БЕЛАЗ көлігінің шартты түрде өртенеді. Өртті сөндіру тактикасы пысықталады, сондай-ақ өрттің жақын тұрған техникаға таралу қаупі ескеріледі».

Ауыр техника мұнда тәулік бойы дерлік жұмыс істейді. Сондықтан кәсіпорын аумағындағы шағын ғана өрт ошағының өзі тез арада үлкен қауіпке айналуы мүмкін. Оқу-жаттығу сценарийіне сәйкес, өрт карьерлік самосвалда жөндеу жұмыстары кезінде пайда болады. Жанында басқа да техника тұр. Құтқарушылардың басты міндеті – жалынның әрі қарай таралуына жол бермеу.

Евгений Мастернак, «Богатырь көмір» ЖШС бас директоры

«Оқу-жаттығу сәтті өтті. Біз бүгін ұзақ жылдардан кейін алғаш рет төтенше жағдайларға әрекет ету, өрт сөндіру бойынша нақты оқу-жаттығу өткіздік. Павлодар облысының ТЖД департаментімен, өзіміздің құтқару қызметтерімен, басшыларымызбен және жедел жәрдем қызметімен бірлесіп өткіздік. Барлығы сәтті өтті. Мұндай оқу-жаттығуларды тұрақты түрде өткізіп тұрамыз».

Өрт сөндірушілер өртті сөндіру жұмыстарын пысықтап жатқанда, кәсіпорын мамандары да штаттан тыс жағдайғағы дайындығын тексерді. Оқиға туралы кім бірінші хабарлайды, өзара іс-қимыл қалай ұйымдастырылады, ақпарат барлық қызметтерге қаншалықты жылдам жеткізіледі. Осы дағдылар пысықталды. Мұндай жаттығулар кеишіл тұстарды алдын ала анықтап, іс-қимыл алгоритмін түзетуге мүмкіндік береді.

Өнеркәсіп нысандарындағы мұндай сценарийлерде қате әрекет етуге орын жоқ. Мұнда әрбір қатысушының дәлдігі, үйлесімді жұмысы және өз міндетін нақты түсінуі маңызды. Оқу-жаттығу ешқандай оқыс оқиғасыз аяқталды. Шартты өрт оқшауланып, қызметтердің бірлескен іс-қимылы пысықталды.



Бөлісу