Күзгі әскерге шақыру басталды
Күзгі әскерге шақыру басталды. Павлодар облысынан Шығыс Қазақстан өңіріне алғашқы лекпен сарбаздар жіберілді. Жауынгерлердің көңіл күйі қалай? Жалпы күзгі науқанда қанша жас азамат әскер қатарын толықтырады? Тілшіміз біліп қайтты.
Көңілдері толқыған аналар. Жүрегі дүрсілдеп, балалықты тастап, әскерге аттанғалы тұрған жастар. Әдеттегі әскерге шығарып салу рәсіміндегі көрініс. Елімізде күзгі әскерге шақыру науқаны басталды. Жас сарбаздар қатарында Андрей Науменко да бар.
Андрей Науменко, жас сарбаз
Мен үшін шекара қызметінде әскери міндетімді атқару үлкен мәртебе. Ата анама сабырлық тілеймін. Бізді уайымдамаңыздар. Әскери қызметімізді жақсы өткіземіз деп ойлаймын.
Жалпы Күршім ауданында орналасқан шекара әскери бөліміне Павлодар облысынан 22 сарбаз аттанды.
Күзгі әскерге шақыру науқанында елімізде 23 мыңға жуық азамат Отан алдындағы борыныш өтейді. Олардың 12 мыңнан астам қарулы күштер, 7 мыңы Ұлттық Ұлан, 3 мыңы Шекара қызметі, 400-ден астамы ТЖ министрлігінің қатарын толықтырады.
Самал Қалиқызы