Негізгі Жаңалықтар Жолдың сапасы – назарда

Жолдың сапасы – назарда

2027 жылы «Нұрлы жол» көпірі жөнделеді. Көпірдің шұрық-тесікке айналған аумағында кейде жарық та сөніп қалады. Астындағы дамбаны да бекіту керек. Бұл туралы «Қазавтожол» ұлттық компаниясының өңірлік филиал басшысы айтты. 


Өңірде жергілікті маңыздағы жолдар ұзындығы 3852 шақырымды құрайды. Осы жылы автомобиль жолдарын жөндеу бойынша 332 шақырым жолды құрайтын, 102 жоба жүзеге асып жатыр. Қазір бұл жұмыстар 90 пайызға жасалды. 

Фархат Оспанов, Павлодар облысы автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасы басшысының орынбасары

Оның ішінде Облыстық маңыздағы 34,6 шақырым болатын 3 жоба жүзеге асып жатыр. Осы жылы тұрғындардың шағымдары мен өтініштері көбейгесін, екі жылдық Майқайың-Екібастұз жобасын жүзеге асырып жатырмыз. Жалпы ұзындығы 23 шақырымды құрайды. Одан бөлек, аудандық маңыздағы жолдарды жөндеу бойынша 10 жоба жүзеге асырылуда. Ұзындығы 77,4 шақырым. Басқамыс-Қарақоға-Шұға-Жолболды бағытындағы құм жолдан асфальтқа ауыстырылды. 

Сонымен қатар, осы жылы Ертіс ауданында ұзындығы 20 шақырымды құрайтын Голубовка-Қызылқақ бағытындағы жол жөндеу жұмыстары аяқталды. Елдімекен көшелерін жөндеу бойынша 89 жоба іске асып отыр. 2023-2025 жылдар аралығында 91 кіреберіс жол асфальтталды. Ал, республикалық маңыздағы жолдарда 132 шақырым аумақ жөнделу керек. 

Ал, жаңа көпірде 678 метрдің 568 метрі дайын. Қалған 110 метр бойынша жұмыстарды бүгін басталды. Жылдың соңына дейін көпір толығымен қосылып, келер жылы қолданысқа беріледі деп жоспарлануда.  

Ермұрат Нұрханов, «Қазавтожол» ҰК АҚ поф директоры

2027 жылы біз екі жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Бұл Павлодар қаласының батыс айналымы көпір арқылы, жалпы 14 шақырым. Яғни «Нұрлы жол» көпірі. Жарқытандыру бойынша жөндеу жүргізіледі, асфальт жабындысы жаңартылып, дамба бекітіледі. Сараптама алынды, келер жылы жұмыс басталады. Келесі жоба Астана-Шідерті-Павлодар-Успенка бағыты. 59 шақырым жөнделеді. Қазір сараптама алуға құжат дайындап жатырмыз. 

Ескі көпір алдын ала сараптамадан өтті. Кемшін тұстары анықталды. Алдағы уақытта Не сүріледі, не жаяу жүргіншілерге арналған аумақ ретінде қарастырылады. 60 жыл бойы қызмет еткен көпірдің тағдырын Жобалық институт шешетін болады. 

Самал Қалиқызы



Бөлісу