Негізгі Жаңалықтар Тең мүмкіндіктер

Тең мүмкіндіктер

Өңірдегі ерекше білім беруге қажеттіліктері бар оқушылар спорттық фестивальге жиналды. Облыс орталығында «Тең мүмкіндіктер» атты жарыс басталды. Толығырақ келесі бейнематериалдан көрейік.


Спорт – тек көп ішінен мықтылар мен ептілерді анықтайтын бәсеке емес. Бұл, алдымен өзіңді жеңуге, ерік-жігерді шыңдау және жаңа достар табуға көмектеседі. Әсіресе, ерекше қажеттіліктері бар балалар бұл алаңда өзіне деген сенімін нығайтып, қоғамға бейімделеді. Осы мақсатта «Әділет» партияс «Тең мүмкіндіктер» инклюзивті спорт фестивалін үшінші мәрте өткізуде. 

Алғашқы жарыс күні жеңіл атлетикаға арналды. Үш жас спортшыдан жасақталған командалар жүгіруден сынға түсті. Балалардың барлығы тыңғылықты дайындалып келген әрі жеңістен үмітті.

Фестивальдің екінші күні балалар бочча ойнап жарысады. Қос күннің үздіктеріне мақтау қағазы, медаль және кубок табысталады. Оған қоса, жеңімпаздар сайыстың республикалық кезеңіне жолдама алып, елордада өңіріміздің намысын қорғайды.


Жұлдыз Қабылденова



Бөлісу