Жаз бойы қазылған орындар қалпына келтірілуде
Телеарнамыздың «Қала жаңалықтары» айдарында облыс орталығында болып жатқан оқиғалар туралы ақпарат ұсынамыз. Қала әкімі Хасар Хабылбеков жаз бойы құбыр жөндеп, инженерлік желілерді қалпына келтіру барысында қазылған жол жабындарын қалпына келтіру жұмыстарын тексерді.
Хасар Хабылбеков, Павлодар қаласының әкімі
Қалада мастикалық асфальт-бетон қолданылуда. Сондықтан қазу жұмыстары жүргізілгеннен кейін бүлінген учаскелерді кәдімгі асфальтпен қалпына келтіруге жол берілмейді. Барлық заңбұзушылықтарды жойып, жол жабындысын толық көлемде қалпына келтіруді тапсырамын. Табиғи монополиялар саласындағы талаптар мен қалпына келтіру мерзімдерін бұзатын монополистерге тиісті мемлекеттік мекеме және полиция органдары тарапынан қатаң шаралар қабылданады.