«Ертіс promenade» маусымы жабылады
«Қала жаңалықтары» айдарында өңіріміздегі маңызды шаралар туралы ақпарат береміз. 9 қазан, жұма күні қала тұрғындары мен қонақтарын керемет концерттік бағдарлама күтеді. Бұл жолы «ЕРТІС PROMENADE» сахасында кімдер өнер көрсетеді?
Светлана Гладышева, Павлодар қаласы әкімінің орынбасары
Құрметті павлодарлықтар мен қала қонақтары! Сіздерге қуанышты жаңалығымызды жеткізгіміз келеді — «Ертіс Promenade» жазғы маусымының жабылу салтанаты өтетін болды! Осы уақыт аралығында біз арнайы шақырылған жұлдыздармен келіссөздерді жалғастырып, ортақ мәмілеге келе алдық. Сонымен, 9 қазан күні қаламыздың басты сахнасында Мирас Жүгінісов, DARICORN, Рахман Сати және Әмре өнер көрсетеді. Ал арнайы қонақтар қатарында Максим, LYRIQ және JAY SEAN бар. «Ертіс Promenade» маусымын бірге жарқын көңіл-күймен, әдемі әндермен және ұмытылмас әсермен аяқтайық!Баршаңызды күтеміз!