Негізгі Жаңалықтар 714 мың тонна астық бастырылды

714 мың тонна астық бастырылды

Павлодар облысында биыл 1 млн 548 мың гектар алқапта егін жиналды. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 7%-ға жоғары. Дәнді дақылдардың 782 мың гектар аумағы немесе жалпы алқаптың 98%-ынан жиналды. Жалпы өнім 714 мың тонна астық бастырылды. Өнімділік гектарына 9,1 центнер болды.



Бүгінде картоптың 98, көкеністің 99 пайызы жиналды. Бақша және мал азықтық дақылдарды жинау толық аяқталды. Майлы дақылдарды жинау науқаны да аяқталып, 327 мың тонна өнім бастырылған. Өнімділік гектарына 10 центнер. 

Облыста 6 астық қабылдау мекемесі бар. Оған жалпы 277 мың тонна астық сияды. Сондай-ақ, 912 мың тонна өнім сиятын 263 қойма бар. 

Күзгі науқанға 32 мың тоннаға жуық арзандатылған дизель отыны бөлінген. Бұл облыстағы жалпы қажеттіліктің 100 пайызын жаба алады. 



Бөлісу