Ұлттық мереке – ұлық мереке
Ұлттық мереке ұлықталды. 25 қазан Республика күні Павлодар облысында кеңінен атап өтілді. Бірнеше локация ұйымдастырылды. Облыс тұрғындары концерттік бағдарлама көріп, тазы көрмесін тамашалай алды.
Өңірде республика күнін тойлау салтанатты түрде мемлекеттік туды көтеру рәсімінен басталды. Мемлекеттік рәміздер алаңында әнұран әуелеп, көк байрағымыз аспанда қалықтап желбіреді. Павлодарлықтар ұлттық мерекеде жылы лебіздерімен бөлісті.
Баян Жәлелова, Павлодар қаласының тұрғыны
Құрметті Павлодар облысының тұрғындары. Сіздерді республика күнімен құттықтаймын. Еліміз аман болсын, жұртымыз тыныш болсын. Мереке құтты болсын.
Қайдарғалы Қабжанов, Павлодар қаласының тұрғыны
Жерлестер, ел азаматтары, ел тұрғындары, қазақстандықтар! Еліміздің мерекесі. Республика күнімен құттықтаймын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, денсаулық болсын. Қазақстан жасай берсін. Сол менің тілегім.
Іс-шараның маңызды сәттерінің бірі – Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің әскери қызметшілері мен ішкі істер органдары қызметкерлерінің сап түзеуі.
Мерекені тойлау орталық жағалауда жалғасты. Өңір тұрғындарына жергілікті өнерпаздардың қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылды.
25 қазан – еліміз үшін маңызды даталардың бірі. Оның қадір қасиетін ел азаматтары жақсы түсініп, біледі.
Серік Тоқай, Павлодар қаласының тұрғыны
Ал, барша репсублика тұрғындарын келіп жеткен 25 қазан керемет мерекемен құттықтаймын. Елімізге тыныштық, ең бастысы тұғырымы тәуелді, аспанымыз ашық, жастардың арманы орныдалсын. 25 күні біріншіден көз алдыма тәуелсіздігіміз келеді. Әр қазақтың жүрегінде басқа мерекеден бұрын республика күні, тәуелсіздік күні тұру керек сияқты. Сондықтан мерекелеріңізбен барша павлодарлықтар.
Республика күнін тойлау аясында жағалауда тазы көрмесі де өтті. Онда қатысушылар үш санат бойынша ұсынылды: күшіктер, жас иттер және ашық санат. Тазылар тұқым стандарттарына сәйкес бағаланады. Шара ұлттық мұраны кеңінен насихаттау бағдарламасының бір бөлігі болды.
Самал Қалиқызы