Келелі басқосуда тарихшылар тарихта Сұлтанбет сұлтан аталып кеткен Сұлтанмаметтің ерлік істері туралы  баяндады. Айта кетейік, ол дарынды қолбасшы, дана дипломат, мемлекет қайраткері ретінде тарихта қалды. 1710-1799 жылдар аралығында Қазақ хандығы мен Ресей арасында дипломатиялық қарым-қатынасты орнатуда сүбелі үлес қосқан. Сонымен қатар, Сұлтанбет Жоңғар шапқыншылығы кезеңінде Балқашта болған Шаңды жорыққа Ертіс өңірінен 50 мың қол жинап, Өріс, Иман және Қараш есімді ұлдарымен бірге жоңғарларға ойсырата соққы береді.  Сондықтан  тарихи тұлғаның Ел тәуелсіздігі жолында атқарған еңбегі ұмытылған емес.  

Жиында сөз алған ғалымдар Сұлтанбет сұлтанның қазақ жерінің аумақтық тұтастығын сақтап қалуға қосқан үлесін ерекше атап өтті. Өйкені, ол Қазақ пен қытай арасында да  шиленіскен мәселелерді шешуде қайраткерлігімен де танылды. Жоңғар шапқыншылығы кезінде де ел мен жердің  тұтастығын қорғай білген қолбасшы да болған.

МЕЙРАМ ИСИН – ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ

Шара барысында қатысушылар «Сұлтанмамет сұлтан» туралы түсірілген фильмді тамашалады. Ал Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен Г.Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайы ынтымақтастық туралы екіжақты келісімге қол қойды.

 

Өзгеріс ҚУАНАР