Ғабдул Уахит Хазірет кесенесі 2012 жылы бой көтерген. Нысанға осыдан екі жыл бұрын күрделі жөндеу жұмыстары жасалып, жарық шамдар орнатылыпты. Бұл жерге жаны жабырқаған жандар Жаратқаннан жылулық сұрай келеді.
Зұлқарнай Ермұратұлы, тілші
Ғабдул-Уахит Хазірет 73 жасқа қараған шағында фәниден бақиға аттанды. Өзінің көзі тірісінде шәкірттеріне қай жерге жерлеу керектігін аманат етсе керек. Баба аманаты орындалып, табаны күректей 90 жылды артқа тастап 2012 жылы дәл осы зәулім кесене бой көтерген болатын.
Ел ішіндегі аңызға сүйенсек, Ғабдул уахит Хазірет алақандай мазары биік кесенеге айналарын білсек керек. Тіпті, жерлеген соң топырағымды толық жаппаңдар деп аманат еткен.
Ермек Балтаұлы, Ғабдул-Уахит Хазірет кесенесінің шырақшысы:
Өзінің аманаты бойынша мен дүниеден өткеннен кейін көп жылдан кейін биік қылып көтересіңдер деген сөзіне қарағанда 2012 жылы екі ай 10 күннің ішінде осы кесене салынды. Жаз айларында күні-түні жұмыс істейміз. Халық саны жылдан жылға көбейіп келе жатыр.
Кесене шырақшысының сөзінше, бұл жерге дұға тілеп келетіндер қатары жыл санап қалыңдап келеді. Қарағайдың қақ ортасында орналасса да инфрақұрылым жақсы дамыған. Келушілерге қолайлы жағдай жасалған.
Зұлқарнай Ермұратұлы