Жиналғандармен бірге Абай Құнанбайұлының ескерткішіне аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов та гүл шоқтарын қойды. Белгілі абайтанушы Даниял Әсенов ақынның бірнеше шығармасын оқыды.
Айта кетейік, ақынның туған күнінде қазақ жазбаша әдебиетінің негізін салушы, ағартушы ақын және сазгердің 175 жылдығына орай елімізде 2020 жылы белгіленген Абай күні аталып өтіледі.