Қадір түнінде алақан жайып дұға еткендердің сұрауы қайтарылмайды,-дейді хадисте. Сондықтан, жүрегінде иманы бар, Аллаға мойынсынатын әрбір мұсылман дәл осы түні мешітке асығары сөзсіз. Бірақ, елдегі карантиндік шектерулерге байланысты Қадір түнінің уақыты қысқартылды. Тарауық намазының уақытына дейін уағыз тыңдап, құлшылық білісімен үйді-үйлеріне тарасты.

Жолдас Қажы Қоспақұлы, ҚМДБ Павлодар облысы бойынша өкіл имамы:

Павлодар облысы әлі де қызыл аймақта. Сондықтан да барынша карантин талаптарын Қазір біздер тарауих намаыз оқып болған соң мешіттеріміз жабылады. Сосын ары қарай біздің жамағатымыз үйінде, Қадыр түнін күту керек. Енді Қадыр түні әрине бұл қасиетті түн. Қадір түнінде бізге Алла тағала Құран кәрім түсірген түн. Және Қадыр түнінде Алла тағала дұға тілектерімізді қабыл ететін түн. Алла тағала Қадір түнін берекелі түн дейді.

сақтауымыз керек. Сондықтан, бас санитарлық дәрігердің талаптарын қатаң ұстанамыз,-дейді имамдар.

Зұлқарнай Ермұратұлы, тілші:

Рамазан айы құлшылық айы. Ал, Қадір түні дұғалардың қабыл болатын түні. Дәл осы түні барша мұсылман қауымы мешітке жиналып, барлығы зікір етеді. Қазіргі таңда елдегі карантиндік шектеулерге байланысты барлығы өз уақытымен орын алуда. Қазір намаздан соң барша жамағат құлшылықты үйге барып жалғастыратын болады.

Шектеу шараларының жөні бір бөлек, бірақ жүрегінде иманы барлар мешітке келуін тоқтатар емес. Осы қасиетті болған Қадір түнінде тілектеріміз орындалып, әлемді әбігерге салған індет жойылсын деген тілек білдіреміз.

Зұлқарнай Ермұратұлы