Железин ауданында көктемгі дала жұмыстары аяқталды. Биыл шаруалар дәнді дақылдарға қарағанда, майлы дақылдарға басымдық беріп, көбірек сеуіпті. Оның ішінде күнбағыс, зығыр бар. Одан бөлек, картоп биыл 2100 гектарға жетіпті.
Железин ауданындағы «Жұмабек-агро» шаруа қожалығының құрылғанына 30 жыл. Биыл жылдағыдай гектарынан 15 центнер өнім алуды жоспарлап отыр. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін техниканы жаңартып, көктемгі жұмыстарды жоспарға сай уақытылы бастапты.
Данияр Бақауов, «Жұмабек-агро» ШҚ Басшысы
Егістік алқабы 30 мың гектарды құрайды. Күнбағыс 7 мың, бидай 14 мың, зығыр, фураж дақылдарын септік. Былтыр ылғалдылық жоғары болды. Топырақ тығыз болды, соны күтіп қалдық, сондықтан енді аяқтап жатырмыз. Былтыр техникаларымызды жаңарттық, сол себепті биыл бәрі уақытылы басталып, уақытылы үлгеріп жатырмыз. Жеңілдетілген дизель отынын алдық.
Железин ауданына биыл арзандатылған 4 мың тонна жанар жағармай бөлініпті. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өтінім беріп, бәрі де қамтылған. Осы жылы ауданда егістік алқабы 212 мың гектарға жетті.
Бауыржан Қаңтарбаев, Железин ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы
Биыл біздің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері 75 пайызға астық дақылдарын азайтты. Бірақ шаруалар майлы дақылдар алқабын көбейтті. Күнбағыс, рабс, зығыр 90 мың гектарға егілді. Былтыр картоп 1200 гектар жерге егілсек, биыл 2100 гектарға жетті. Мемлекет тарапынан қолдау жан жақты көрсетілді. «Демеу» несиелік ЖШС-мен 2 млрд теңгеден астам 46 қарыз берілді. «Агро несиелік корпорация» аясында 1 млрд 3 млн теңгеге 9 өтінім мақұлданды.
Биыл ауданда 2,6 млрд теңгеге 3 комбайн, 13 трактор мен басқа ауыл шаруашылығы техникасы жағартылды. Жалпы 122 шаруа өсімдік шаруашылығымен айналысады. Олардың бәрі де көктемгі дала жұмыстарын уақытылы аяқтады, деді бөлім басшысы.
Самал Қалиқызы