Жастар бастамаларын дамыту орталығында «Қазақстан жүрегімде» жастар патриоттық кездесуі өтті. Шараға өңіріміздің барлық аудан-қалаларынан қатысушылар жиналып, азаматтық белсенділік пен Отанға деген құрметке байланысты мәселелерді талқылады. 


Алғаш рет өткізіліп отырған «Қазақстан – жүрегімде» альянсы жастар саясатын дамыту, тарихи жадыны сақтау, еріктілікті ілгерілету және патриотизмді дәріптеуді көздейді. Бүгінгі жиында осы өзекті мәселелер талқыланып, шақырылған қонақтар өз ойларын ортаға салды және қатысушылар пікір алмасты.

Жаннұр Ахметжанова, Павлодар облысы ақпарат және қоғамдық даму басқармасының бөлім басшысы

«Өзара тәжірибе алмасуы, отансүйгіштік, елге деген құрмет, мемлекеттік ту, мемлекеттік елтаңба, мемлекеттік рәміздерді қастерлеу мен алға зор болашаққа деген нық қадамның айқын көрінісі ретінде талқылау форматында өткізіледі. Әсіресе, бүгінгі таңда өзекті «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілетуде қазір жастарымыз орасан зор үлес қосып жүр. «Таза Қазақстан» республикалық науқанымыз бар Мемлекет басшысының бастамасымен бастау алған. Сондықтан да осы жобалардың қазір бас-қасында жүрген жастар бір-бірімен еркін тәжірибе алмассын деген мақсатымыз.» 

Шараға 100-ден аса қатысушы жиналды. Олардың әрқайсысы әртүрлі мамандық иесі болғанымен, барлығын отансүйгіштік пен белсенділік біріктіреді.

Архат Жанатов, шара қатысушысы 

«Бүгінгі шарамыз 4 маусымға түсіп тұр екен, яғни Қазақстанның рәміздер күні баршамызға құтты болсын! Осындай іс-шаралардың ұйымдастырылып жатқаны керемет! Шақырғандарыңызға көптен көп рақмет! Белсенді жастарымыз көп болсын, жаңашыл жастар көп болсын, еліміздің патриот жастары көп болсын!» 

Жастар қозғалысын дамытуға қосқан үлесі мен қоғам өміріне белсенді қатысып жүрген жастар марапатталды. Олар грамота және естелік сыйлықтарға ие болды.

Жұлдыз Қабылденова