Май ауданындағы Ақшиман ауылы 65 жылдығын атап өтті. Қалмаққырылған тауының етегінде этноауыл құрылып, ауқымды концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Ақындар айтыс аламанын қыздырды. Сәйгүліктер бәйгесі өтіп, балуандар көкпар мен аударыспақта бақтарын сынады. Тау мен тасына тарих сырына тұнған өлкеде іргесі қаланған ауыл тойынан Жанасыл Серікбол баяндасын.
Тойға жиналған жұртшылық әуелі Қайса ата әруағына тәу етті. Кесенеге барып, құран бағыштап зиярат жасады. Қайса атаның қасиетті тарихтан белгілі. Көпшілік тойды бастамас осынау киеге етуді жөн көрген. Бұдан соң баршасы Сәтек Мақыш бұлағына жиналды. Ақшиманның 65 жылдығына орай бұлақтың басына реконструкция жасалыпты. Осынау игі іс тойға дейін сәтті аяқталып, баршасы сергек көңілмен лентасын қиды.
25 жыл бұрын бұлақтың алғаш рет ашылу рәсіміне республикалық газеттердің бас редакторлары қатысқан екен.
Ермат Байғұрманов, Ақшиман ауылының тумасы
Республикалық 4 газеттің редакторлары келді осында. «Жас Алаш» газетінің редакторы Нұртөре Жүсіп, «Қазақ әдебиеті», «Түркістан», «Қазақстан» газеттернің бас редакторлары дәс үстінен түсті де солар ашып кетті. Архивтен газетті тауып алдым. Жас алаш ашқан бұлақ деп мақал жазыпты. 2001 жылы әлеуметтік жағдай қиын еді. Соған қарамастан Тәңірберген Асылханов деген азамат қаражатын салып осыны ашқан.
Бұдан кейін жұртшылық Ақшиман ауылыны су жаңа стелласының ашылу салтанатына куә болды. Бұл да ауылдықтардың тойға тартуы еді. Бұл уақытта этноауыл төріндегі бас сахнаға облыстық филармония әртістері концерттік бағдарлама ұсынып жатқан. Осында облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Батырғожинов облыс әкімінің құттықауын жеткізе отырып, өз лебізін де білдірді.
Серік Батырғожинов, Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары
Ақщиман ауылы батырлар рухы мен еңбек даңқы қатар өрілген, тарихы терең, тағылымы мол өткен мен бүгінлі далғап келе жатқан қасиетті өлке. Елдің әр түкпірінен ауыл перзенттері жиналып, аға буынға құрмет көрсетіп, ауыл тарихына тағзым жасауда. Ардагерлерге, осы ауылдың дамуына үлес қосқан барлық жандарға алғыс білдіремін. Ауылымыздың еңсесі бтік, келешегі кемел болсын! Мерейтой құтты болсын!
Серік Батырғодинов біртқатар ардагерлерге әр түрлі мараптттарды табыстады. Бүдан соң ауджан әкімі Қабылжан Сәтиве те сөз алып, құттықтауын жеткізді.
Қадылжан Сәтиев, Май ауданының әкімі
Осыдан алпыс бес жыл бұрын ұлы дала төсінде жаңа ауылдың іргесі қаланды. Алғашқы тұрғындар табиғаттың қатал сынына мойымай, жоқтан бар жасап, елдімекеннің негізіл қалады. Олар болашақ ұрпақ үшін баспана тұрғызып мектеп ашып, мәдениет ошағын қалыптастырып, шаруашылықтың дамуына өлшеусіз үлес қосты.
Аудан әкімі де бірқатар жандарды марапаттап, алғыс білдірді. Олардың қатарында аға буын өкілдері де, бүгінгі тойға ұйытқы болған жандар да бар. Ауыл тойына шартараптан қонақтар жиналды. Ондаған киіз үй иігіліп, спорттық алаңдар күні бойы жұмыс істеді. Тау самалы ескен далада көпшілік көңіл сергітіп, әр қилы қызықтарға куә болды.
Пазыл Дүйсенбаев, Ақшиман ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы
Бұл Ақшиман қасиетті жер. Бұл жерде екі академик туған. Қайса ата бақсымыз мекендеген жер. Осы тойды ұйымдастырған жастарға басымызды иіп алғыс айтамыз. Бірін-бірі қолдай берсін жастар.
Арыстан Назымбаев, зейнеткер
1961-жылы шаруашылық құрылған. Бірінші директорымыз Битенлв Балтабек деген кісі бастқарып, көп шаруа істелді. Сол кісімен бірген сол шарпуашылықтак біздің әкелеріміз, шешелеріміз бірі малшы, бірі жүргізуші, жылқышы болып еңбек етіп, өмірден өтті. Ал, мен осы Ақшиман совхозының құрдасымын.
Ақшиман ауылында қазіргі уақытта 290 днан астам адам тұрып жатыр. Ауылдық мектепте 50 ден астам бала білім алады. Ауылға барарар жол салынып, үйлерге су тартылған. 26 қожалық мал шаруашылығымен айналысады. Осындай тіршілік құрып жатқана уыл тойы түстен кейін де жалғасты. Облыстық ақындар айтысы өтіп, 12 ақын бас қосты. Олар осынау шежірелі өлкенің табиғаты мен тарихын жырға қосты. Ал, білекті балуандар аударыспақ ойлап, кім мықтыны анықтады. Бұдан соң көпшілік көкпар додасының финалдық кезеңін тамашалады. Құнан, тай, аламан бәйге де ұйымдастырылды.