Ертіс ауданында жолдарды жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Биыл елді мекен ішіндегі көшелермен қатар, аудандық, облыстық және республикалық маңызы бар жолдар да жаңартылуда. Толығырақ алдағы сюжетте. 


Биыл Ертіс ауылында төрт көшеге орташа жөндеу жүргізу жоспарланған. Оның екеуінде жұмыстар толық аяқталса, қалған екі көшеде мердігер ұйымдар келісімшарт рәсімделгеннен кейін іске кіріседі.

Дәулет Әлкенов, Ертіс ауылының әкімі

Екінші Набережная көшесін 2900 метр толықтай аяқтадық. Сосын Қажұмұқан көшесін толықтай аяқтап жатырмыз. Мердігер компаниясы ТОО «Нұрал». Екінші Набережная көшесіне 158 млн 856 мың тг бөлінді, Қажұмұқан көшесіне 6 млн 756 мың тг бөлінді. Мерей көшесіне 46 млн, тағы бір көшеге 52 млн тг қаражат бөлінді биыл. 

Аудандық маңызы бар жолдарды жөндеуге арналған бес жоба жүзеге асырылуда. Жалпы ұзындығы 38 шақырымды құрайтын жолдарды жаңартуға облыстық бюджеттен 2,5 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген.

Мария Туляр, Ертіс ауданы экономиканың нақты секторы бөлімі басшысының М.А

Қазіргі уақытта Сілеті – Қызылағаш, Голубовка – Қызылқақ, Панфилово – Қосағаш бағыттарындағы және Луговое ауылына кіреберіс жолдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде барлық қажетті құрылыс материалдары жеткізіліп жатыр. Жобалардың мердігері – «Нұрал» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Облыстық маңызы бар Панфилов – Бестөбе жолында да жөндеу жалғасуда. Жобаны іске асыруға 580 миллион теңгеден астам қаражат бөлінген. Жұмыстарды тамыз айында аяқтау жоспарланып отыр. Аудандағы ірі жобалардың бірі – Атамекен – Ертіс –Русская поляна бағытындағы республикалық автожолды күрделі жөндеу. Қазір жалпы ұзындығы 24 шақырымды құрайтын екі учаскеде құрылыс жұмыстары жүргізілуде.


Сабина Жолдаспаева