Жаз мезгілінің шуақты күндерімен бірге мектеп жанындағы сауықтыру лагерьлері де өз жұмысын бастады. Балалардың демалысын мазмұнды ұйымдастыруға бағытталған осындай игі бастама Ертіс ауданының Қарақұдық жалпы орта білім беру мектебінде де қарқын алған. Оқушылардың көңілді тынығуы мен танымдық шараларға толы лагердің тыныс-тіршілігі туралы келесі сюжеттен көрейік.


Қарақұдық жалпы орта білім беру мектебінің іргетасы 1978 жылы қаланған. Бүгінде білім ордасында 71 оқушы тәлім алуда. Жазғы лагерьдің ашылуына дайындық жұмыстары мұқият жүргізіліп, барлық мұғалімдер алдын ала медициналық тексерістен өткен. Лагерь бағдарламасы жан-жақты ойластырылған. Мұнда әр күн белгілі бір тақырып аясында ұйымдастырылып, балалардың қызығушылығын арттыратын түрлі шаралар өткізіледі.

Амангелді Уақбаев, бастауыш сынып мұғалімі

Енді бұл бізідң жазғы лагеріміз өте жақсы қтіп жатыр деп ойлаймын. Бұл жерде олар қоғамдық жұмыстарды істеуге үйренеді. Олар үші жазғы лагерь қызықты өтеді деп ойламын.Болашақта осындай лагерьлер көп болса деп тілеймін. 

Лагерьдегі тәрбиелік жұмыстар ұлттық құндылықтарды дәріптеумен ұштасқан. Балалар асық атып, садақ тарту секілді ұлттық ойындарға қатысып, халқымыздың бай мұрасымен жақынырақ танысуда. Сонымен қатар шығармашылық және танымдық бағыттағы іс-шаралар да тұрақты ұйымдастырылады.

Ерасыл Сәрсен, оқушы 

Маған лагерь ұнайды. Лагерьде қызықты. Лагерьде тамақ ішеміз ойнаймыз, мультфильм көреміз, сурет саламы, кітап оқимыз, серуендейміз.

Шынарбек Бектас, 3-сынып оқушысы

Танымал достарым келеді. Олармен ойнаймыз. Күлеміз, далада бірге сурет саламыз. 

Балалардың шат күлкісі мен көтеріңкі көңіл күйі жазғы лагерь жұмысының нәтижелі өтіп жатқанын аңғартады. Демалыс пен тәрбиені ұштастырған мұндай игі шаралар жас буынның жан-жақты дамуына, достық қарым-қатынасты нығайтуына және жазғы уақытын тиімді өткізуіне мол мүмкіндік беруде.

Дильназ Қуанышбекқызы