Ақсу қаласында тұрғындардың жаз айларын қызықты әрі тиімді ұйымдастыруға бағытталған дәстүрлі «Ақсу толқыны» жазғы маусымның салтанатты ашылуы өтті. Қалалық жағалауда ұйымдастырылған мерекелік шара қала тұрғындары мен қонақтары на ерекше көңіл-күй сыйлады. Ары қарай тілші әңгімесінде.
Жыл тұрғындардың жазғы демалысын мазмұнды өткізуге бағытталған «Ақсу толқыны» жобасының басты мақсаты –қала тұрғындарының мәдени өмірін жандандыру. Жоба аясында жаз бойы түрлі концерттік бағдарламалар, спорттық жарыстар, шығармашылық байқаулар және отбасылық шаралар өткізу жоспарланып отыр. Салтанатты ашылу барысында өнерпаздар ән шырқап, шығармашылық ұжымдар өз өнерлерін ортаға салды.
Ия Астана қаласынан арнайы келген суретші Ренат Елубаев өз шығармашылық сабағында зағип жандармен сурет салу өнеріне деген назарды бұрды. Оған қоса осы тақырыптағы көрмеде көпшілік назарына жол тартты.
Тұрғындарды біріктіріп жазғы маусымның ажарын аша түсетін игі бастама атанып үлгерген «Ақсу толқыны» жобасы думанды концерттік бағдарламен аяқталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жаз айларына жоспар жетерлік, осыған орай қала тұрғындарының белсенділігіде арта түспек.
Салтанат Бауыржанқызы