Павлодар облысында егістік науқаны биыл 5 күнге ерте басталды. Сәйкесінше жұмыстар жоспардан ерте аяқталды. Егістік алқабы 1 млн гектардан асты. Көктемгі дала жұмыстарын қорытындылау бойынша үкімет басшысы кеңес өткізді. Оған жергілікті шаруалалар да қатысты. Толығырақ тілшіміз айтсын. 

Президенттің тапсырмасы бойынша үшінші жыл қатарынан аграрлық секторға ауқымды қолдау көрсетілуде. Биыл өсімдік және мал шаруашылығы салаларын жалпы қаржыландыру көлемі 1 трлн 200 млрд теңгеге жетті. Соңғы екі жылда жақсы өнім алынды. Бүгінде біздің астық әлемнің 70 еліне экспортталады. Бұл ретте үкімет басшысы көктемгі егіс жұмыстарын аяқтау және агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Павлодарлық шаруалар да көктемгі дала жұмыстарының сәтті аяқталғанын жеткізді. 

Александр Косицын, «Галицкое» ЖШС басшысы

Біз дала жұмыстарын сәуірдің 20-сы күні бастадық. Мамырдың 29-күндері толығымен көктемгі дала жұмыстарын аяқтадық. Алқабымыз - 35 мың гектар, оның ішінде арпа, күнбағыс, бидай, қарақұмық бар. бәрін уақытылы аяқтадық, бірақ жердегі ылғалдылық қуантпады. Себебі көктем уақытында ауа райы өзгеріп отырды. «Кең дала» бойынша алғашқы транштарды біз желтоқсан айында алдық. Бұл шаруашылықтағы жұмыстарды ертере бастауға мүмкіндік берді. 

Соңғы 2 жылда қазіргі заманғы мал шаруашылығы кешендерінен бастап терең өңдеу кәсіпорындарына дейін 540 жаңа өндіріс пайдалануға берілді. Оның ішінде 89 мал шаруашылығы кешені, 70 тауарлы-сүт фермасы, 35 астық қоймасы, 35 көкөніс қоймасы, 16 құс фабрикасы, 11 жылыжай салынды, өсімдік майларын өндіру және терең өңдеу бойынша 12 жоба жүзеге асырылды. 2026 жылы техника паркін жаңарту қарқыны 8%-ға жетпек, бұл ретте парктің тозуы 65%-ға дейін төмендейді.

Александр Терентьев, «Ақтоғай-Агро» ЖШС басшысы

Бүгінгі таңда 1200 гектар гала сұрыпты картоп салынды. Оны бүкіл Қазақстан сүйсініп жейді. 200 гектар аумаққа каскад, абака сұрыпты сәбіз егілді. Бізде сүт тауарлы ферма болғандықтан, биыл жылдағыдай жүгері егілді. Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаудың барын айту керек. Биыл көктемгі дала жұмыстарына 1 млрд теңгеден астам қаражат алынды. Жаңа технологиялар, құрылғылар қолданылды. Қазір химиялық өңдеу жұмыстары жүріп жатыр. Картоп отырғызған кезде дәстүрлі түрде топырақты еуропалық доминаторлармен қопсытатынбыз, енді фармация қолданамыз. Ол топырақты терең әрі жақсы қопсытады. 

Елімізде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар алқабы 15,8 млн гектарға, майлы дақылдар 4,3 млн гектарға, мал азықтық дақылдар 3,3 млн гектарға егілді. Шегірткеге қарсы күрес аясында биыл 2,2 млн гектар жер өңделеді. Бүгінде шамамен 665 мың гектарда зиянкестерге қарсы іс-шаралар аяқталды.

Хамза Оразбеков, Павлодар облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы

Биыл жылы егістік науқаны ертерек басталды, бүгінгі күүні аяқталды. 1 млн 703 мың гектарды құрады. Үкімет тарапынан барлық көмек көрсетілді. Жеңідетілген дизель отыны берілді. «Кең дала 2 аясында» 300 ден астам несие беріліп, сомасы 26 млрд теңгеде асты. 

Үкімет отырысында егістік өнімін сақтап қалу үшін, зиянкестермен күресті күшейтуді тапсырды. Өңірде биыл 48 мың гектар аумақ өңделетін болды.

Самал Қалиқызы