Негізгі Жаңалықтар Мерекелік кеш өткізуге рұқсат бар ма?

Мерекелік кеш өткізуге рұқсат бар ма?

Павлодар облысы бес ай уақыттан аса қызыл аймақта.  Бас санитарлық дәрігердің 20 қыркүйектегі қаулысына сәйкес, бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынған. Ал, "Ashyq" жобасына қатысатын мекемелерге корпоративтік кештерді өткізуге рұқсат беріледі дейді мамандар. Тек талап бар.

Ольга Жүнісова, санэпидбақылау департаментінің бас маманы:Ғимараттағы адам толымдылығы 50 пайыздан аспауы тиіс. Сондай-ақ, қонақтар мен қызметкерлердің жасыл мәртебесі болуы керек. Яғни, 7 тәуліктен аспайтын ПТР-тестілеудің нәтижесі, вакцинация паспорты міндеттеледі. Бұндай жағдайда мерекелік шара өткізуге рұқсат.

Бүгінде "Ashyq" жобасының қатысушылары түнгі сағат 12-ге дейін, ал жобаның көшбасшылары қызметкерлер мен қонақтарда "Жасыл" мәртебе болған жағдайда түнгі сағат 2 - ге дейін жұмыс істей алады. Бірақ кез келген жағдайда толымдылығы 50 пайыздан аспауы керек.

Ольга Жүнісова, санэпидбақылау департаментінің бас маманы:

Мысалы, ауданы 1000 шаршы метр болатын кафе, біз оны 4 шаршы метрге бөлеміз, өйткені бір адамға дәл осындай орын қарастырылған. 250 адам шығады, бірақ бұл 100%, яғни біз тағы 2-ге бөлеміз, сонда 125 адамға рұқсат етілген.

Корпоративтік шаралардың өтуін сол уақыттағы эпидемиогиялық ахуал анықтайды.  Бұны да ескерген жөн дейді мамандар. Айта кетейік, қазірдің өзіңде облыс бойынша 7000-нан аса объект Ашық арқылы жұмыс істеп жатыр.  

 

Аяулым Рахымжанова

Бөлісу