Негізгі Жаңалықтар «Даму» қорының қолдауы

«Даму» қорының қолдауы

Павлодарда өңірдегі алғашқы толық циклді жекеменшік мектеп пайда болады. Яғни балалар мектепке дейінгі даярлықтан бастап, аттестат алғанға дейінгі барлық білім беру кезеңінен бір жерде өте алады. Ауқымды жобаны жүзеге асыруға кәсіпкерлерге арналған «Өрлеу» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы бойынша «Даму» қоры көмектесіп отыр. Өңір кәсіпкерлеріне көрсетіліп жатқан қолдау туралы келесі сюжетімізде толығырақ.


Жаңа толық циклді жекеменшік мектеп — 2018 жылдан бері бастауыш сынып оқушыларына білім беріп келе жатқан Павлодар білім беру кешенінің жобасы. Мұнда негізгі пәндермен қатар, қосымша білім берудің кеңейтілген бағдарламасы ұсынылады.

Елена Яровенко, білім беру кешенінің басшысы

Мысалы, жылдам оқу, менталды арифметика, спорттық бағыттар, дене сымбатын қалыптастыруға арналған жаттығулар, театр студиясы, сондай-ақ қытай және ағылшын тілдері бар. Ағылшын тілі бірінші сыныптан бастап оқытылады. Биыл ерекше өзекті болған жасанды интеллект те біздің білім беру үдерісімізде қолданылады және міндетті пән болып табылады. Балалар өздері бағдарламалар жазады, хакатондар мен олимпиадаларға қатысады. Білікті педагогикалық құрам білім береді. мектеп тәрбиеленушілерді жеке-жеке сүйемелдеуге де басымдық береді. Әр сыныпта арнайы тьютор маман жұмыс істейді. Ол мұғалімдерге оқу үдерісінде көмектесіп, балаларға қолдау көрсетеді. Тьютор балалардың ортаға бейімделуіне көмектеседі, қиын жағдайларда қасынан табылады, құрдастарымен дұрыс қарым-қатынасқа баулиды. Мектепте оқу күні бойы ұйымдастырылады. Үй тапсырмасы берілмейді, балалар күніне бес рет тамақтанады. Қазір білім беру кешенінің алдында ауқымды кеңейту жоспары тұр.

Елена Яровенко, білім беру кешенінің басшысы

Өзіміз ғана бұл ауқымды жоспарымызды жүзеге асыра алмас едік. Құрылған күннен бастап «Даму» қорынан қолдау тауып келеміз. Қор бізге «Өрлеу» бағдарламасы бойынша жеңілдетілген несие берді. Бұл қаражат бірінші сыныптан он бірінші сыныпқа дейін білім беретін толық циклді оқу орнын ашуға бағытталды. Мен бәрі ойдағыдай болады деп сенемін. Келесі жылы балалар жаңа мектеп ғимаратына кіріп оқиды. Біз толық циклді білім беретін жалғыз жекеменшік мектеп боламыз.

«Даму» қорының қолдауын астықты өңдеп, жоғары және бірінші сұрыпты бидай ұны мен кебек өндіретінпавлодарлық кәсіпкер де алды. Өнімдеріне Қазақстан ғана емес көрші елдерде де сұраныс жоғары. 

Жанар Серімова, ұн өндіру кәсіпорнының басшысы

Өнімнің 85 пайызы Қырғызстанға, Түрікменстанға, Тәжікстанға және Ауғанстанға экспортталады. «Даму» қоры арқылы айналым қаражатын толықтырдық. 

11 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан павлодарлық би студиясы ақыры өз ғимаратына қол жеткізді. «Даму» қорының қолдауының арқасында ұжым заманауи әрі толық жабдықталған ғимаратқа ие болды. Мұнда сапалы білім беру мен жаттығу өткізуге барлық жағдай жасалған.

Иман Салиханов, би студиясының басшысы

Әрдайым балаларымыз өз студиясында дайындалса деп армандадық. Өткен жылы жер телімін сатып алып, құрылысын бастадық. Жұмыс барысында күтпеген шығындар пайда болып, «Даму» қорына жүгіндік. Олар бізге «Өрлеу» бағдарламасы арқылы жеңілдетілген шарттармен несие алуға көмектесті. Барлығы жаңадан жасалды. Керектің бәріне қол жеткіздік.  

Мұнда кавказ билері үйретіледі. Жас ерекшелігіне ешқандай шектеу жоқ. Студияға ай сайын шамамен 900 адам келеді. Тоғыз педагог қызмет етеді. Олардың басым бөлігі кезінде осы студияда өздері білім алған тәрбиеленушілер.




Бөлісу