Театрда жаңа маусым
Қара шаңырағымыз – Жүсіпбек Аймауытов театры жаңа маусымды бастады. Жаңа маусым «Ертіс Баян» республикалық фестивалімен тұспа тұс келіп отыр. Сондықтан әртістер жан жақты дайындық үстінде. Театр шымылдығы көрермен көзайымына айналған спектакльдермен түрілді.
Жаңа маусымның шымылдығы 15 қыркүйек «Балам, қашан келесің?..» драмасымен ашылды. Ал, бүгін балақайларға «Көңілді Роджер» қойылымы ұсынылды. Шығарма достық, еркіндік пен батылдық тақырыптарын арқау етеді. Оқиға желісінде теңіз төбеттері мен теңіз мысықтары қазына іздеп, түрлі сынақтарға тап болады. Қызықты оқиғалар барысында кейіпкерлер бір-біріне сенуді, қорқынышты жеңуді және шынайы достықтың қадірін түсінеді.
Заура Кенжебаева, Ж.Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрының әртісі
Ертегіде капитаншаның рөлін ойнаймын. Ол жаңағы байлықты жақсы көретін, қазына үшін достарыңда сатып кетуге болады. соңында капитан көзін ашады. Бастысы өзіңнің достарың, жанашырдың болғанын сол ең басты байлығың деп. Балаларға көп мән мағына беретін, егер балалар тыңдап білім отырса, мән мағына спектакль деп ойлаймын.
Жарқын кейіпкерлер, әсерлі музыкалық сүйемелдеу және тартымды сахналық шешімдер көрермендерді қиялға толы теңіз әлеміне жетелейді. Ұйымдастырушылар қойылымның балаларға ғана емес, ата-аналарға да ерекше әсер сыйлайтынын атап өтуде.
Әділет Ақанов, Ж.Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрының бас режиссері
Бұл қойылымның премьерасы жазда болған. Ертегі. Бүгін міне оны 4 рет ойнап жатырмыз. Бүлдіршіндерге арналған. Дамир Салимзияновтың ертегісі. Бүгінгі күндегі біздің пираттардың алтын іздеуімен басталады. бірақ ол алтын ба, әлде ол алтын қасымыздағы адамдармен достық па?Сондай сұрақтар бар. Балалардың тілімен балаларға арналған ертегіміз.
Қазір театр ұжымы екінші «Ертіс Баян» республикалық фестиваліне қызу дайындық үстінде. Оған еліміздің 11 театры қатысады. Павлодар облысынан Чехов атындағы орыс театры бағын сынайтын болады.
Самал Қалиқызы