Негізгі Жаңалықтар Қолдауға ие болатын кәсіпкерлік түрлері кеңейді

Қолдауға ие болатын кәсіпкерлік түрлері кеңейді

Облыста «Даму» қорының қолдауына ие бола алатын кәсіпкерлік қызмет бағыттарының тізімі кеңейді. Осылайша бірнеше жылдан кейін алғаш рет асхналар, пиццериялар мен кофеханалар жеңілдетілген несие ала алады. Тізім тек қана тамақтану орындарымен шектелмейді. Толығырақ әріптестерімнің материалында.



Жалпы, «Даму» қоры экономиканың 30-дан астам саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлерге қолдау көрсетеді. Негізгі бағыттардың ішінде агроөнеркәсіптік кешен және өңдеу өнеркәсібі бар. Жақында бұл тізім кеңейді.

Мадина Баденова, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының Павлодар облысы бойынша өңірлік филиалының бағдарламаларды дамыту жөніндегі бас менеджері

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші кодын қосқанымызға 3 апта өтті. Қазіргі уақытта осы код бойынша субсидия алуға болады. Бұл кодқа жүк тасымалы, көлік және қоймалау, білім беру саласы, денсаулық сақтау және стоматологиялық қызметтер, автокөлік пен жабдықтарды жөңдеу сияқты салалар кіреді. Ең бастысы- қоғамдық тамақтану орындары саласы осы тізімге қосылды. Қоғамдық тамақтану саласы бұған дейін субсидиялауға жатпайтын. Қазіргі таңда бұл салаға ерекше көңіл бөлініп, кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер пайда болды. Оларға инвестициялық мақсаттарға, сондай-ақ айналым қаражатын толықтыруға қаржыландыру алу мүмкіндігі қарастырылған. 

Кәсіпкерлер шағын және ортабизнес субьектілеріне арналған қолжетімді несие алуға өтініш бере алады. Қаржыландырудың ең жоғары сомасы 200 миллион теңгеге дейін, ал пайыздық мөлшері 12,6% құрайды. Сонымен қатар «Даму» қоры кәсіпкерлерге кепілдік беру құралдарын ұсынады. Бұл әсіресе банктен несие алу үшін кепілге қоятын жеке кепіл мүлкі жоқ кәсіпкерлер үшін маңызды.

Мадина Баденова, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының Павлодар облысы бойынша өңірлік филиалының бағдарламаларды дамыту жөніндегі бас менеджері

Ең алдымен, қаржыландыруға қызығушылық танытқан кәсіпкерлерге «Даму» қорына жүгінуге кеңес беремін. Біздің мекенжайымыз: Бұқар жырау көшесі 109. Қордын бірінші қабатында кәсіпкерлерге кеңес беретін менеджерлер бар. Мамандар сізге сәйкес келетін бағдарлама таңдап, екінші деңгейлі банктерге бағыттайды. Құжаттарды жинақтау барысында да көмек пен қолдау көрсетіледі. Банк өтінімді қарастырып, біздің қорға жолдайды.

Өңірде «Даму» қорының түрлі қолдау құралдарын қазірдің өзінде 6 мыңға жуық кәсіпкер пайдаланды. Көрсетілген қаржылық қолдаудың жалпы көлемі 850 миллиард теңге құрайды.


Самал Қалиқызы


Бөлісу