Қоныс құтты болсын!
Бүгін павлодарлықтар мол қуанышқа кенелді. «Достық» шағын ауданынан 193 пәтердің кілті табысталды. Баспаналы болған жұрттық шат көңілін біздің түсірілім тобы да таспалады. Облыс әкімі Асайын Байханов арнайы барып құттықтады.
«Достық» шағын ауданында бой көтерген көп қабатты тұрғын үйдегі пәтердің кілтін табыстауға Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов арнайы барды. Әр отбасының еңбір жарқын сәті осы болар. Оның үстіне бұндағы үйлерді ұзақ жылдар күткен жандар бар.
Қолданысқа беріліп жатқан тұрғын үй Назарбаев көшесі, 309А мекенжайында орналасқан. Көппәтерлі тұрғын үйдің іргетасы 2025 жылы қаланған. Әзірге үйдің үш кіреберісі пайдалануға берілуде. Үш кіреберісте барлығы 253 пәтер бар. Оның ішінде бір, екі және үш бөлмелі пәтерлер қарастырылған. Жалпы үй тоғыз кіреберістен тұрады, онда шамамен 700 пәтер бар. Бұл тұрғын үй толығымен кезекте тұрған азаматтарға беруге арналған. Тұрғындардың пәтерді жекешелендіруге құқығы бар. Яғни бұл — жекешелендіру құқығы бар жалға берілетін баспана. Жалдау ақысы пәтердің көлеміне қарай орта есеппен айына 10-18 мың теңгені құрайды. Пәтерлердің ауданы 37-ден 93 шаршы метрге дейін.
Қуаныш Жәнібек, Павлодар қаласының тұрғыны
Ерекше күн болды бүгін енді отбасымыз өте қатты дайындалды бүгінгі күнге. Қатты қуаныштымыз. Не айтарымзы білмеймін. Жастар үшін өет маңызды қалада тұру. Қаоада өте үлкен мүмкіндіктер бар. Павлодар облысының, қаланың әкімдігіне алғыс айтамын. Баршаңызға тағы да бір мәрте рахмет.
Бүгінгі күні облыста 36000 астам адам үй кезегін күтуде. Соның 29 мыңнан астамы облыс орталығының тұрғыны. Бүгін қолданысқа берілген тұрғын үйдің жанында салынып жатқан көп қабатты тұрғын үй де кезекте тұрған азаматтарға арналған. Бұдан бөлек, осы шағын ауданға қарасты Назарбаев көшесінің бірінші желісінде тағы үш кіреберістен тұратын баспана салынуда.