Негізгі Жаңалықтар Қоқыс сұрыптау зауыты ашылды

Қоқыс сұрыптау зауыты ашылды

Бұдан соң облыс әкімі қоқыс сұраыптау кешенінің іске қосылу рәсіміне қатысты. Экологиялық маңызы бар жобаның құрылысы сәтті аяқталып, қолданысқа берілді. 


Павлодар қаласында жылына 150 мың тонна қоқыс шығарылады. Оның 30 пайызы пластик, қағаз, ағаш, металл, ал қалғаны азық түлік қалдығы. Бірінші кезеңде қоқысты сұрыптау жүргізілмек. Осы мақсатта өңірде сұрыптау орталығы ашылды. 

Әлихан Албаков, кәсіпорын басшысы

Қоқыс Павлодар қаласынан келіп түседі. Қуаттылығы 150 мың тонна, сондықтан біз қаланың қоқысын толық қабылдауға дайынбыз. Бірақ жұмыс енді басталды. Әзірге ештеңе өндірмейміз. Тек сұрыптаймыз. Себебі, қоқыс полигонын уақытылы сұрыптамаса, зиянды қалдықтар топыраққа сіңе бастайды. Қоқыс зиянды, зиянсыз болып екіге бөлінеді. 

Жоба құны 5 млрд теңгені құрайды. Қаражаттың жартысы «Даму» қоры арқылы берілсе, қалғаны инвестордың өз қалтасынан. 

Үшінші кезеңде сұрыптау орталығында өзге де қалдықтарды жинау және олардан құрылыс материалдарын өндіру қарастырылуда. Бұл құрылыс қалдықтарын қайта өңдеп, оларды қайта пайдалануға мүмкіндік береді. 

Бұдан бөлек, Павлодарда ірі көлемдегі қоқыстарды жинауға мүмкіндік беретін жаңа жоба қарастырылып отыр. Яғни шаһар аулаларына үлкен жәшіктер қойылады. Бұл құрылыс материалдары, ірі жиһаздар мен техниканы тұрмыстық қалдықтармен араластырмауға мүмкіндік береді. 

Экологтар да жаңа жобаны қолдап отыр. Бұл өңірдің экологиялық мәселесін бір жақты етіп, шешу керек дейді. 


Самал Қалиқызы



Бөлісу