Рәшит Бектеміров, Май ауданының құрметті азаматы, еңбек ардагері:

Қанша біздің жас ұландар қаза тапты. Қаншама тәртіп қорғаушылары ажал құшты. Сондықтан біз әрине ел ағалары ретінде осыларға көңіл айтамыз. Қатты қайғырамыз. Ал, енді алып қарасақ бүгінгі күні біздің елімізде тыныштық орнатылып келе жатыр.

Арандатушылық жайлаған аласапыран заманда қаңқу сөзге ермеген абзал. Жасыратыны жоқ мұндай кезеңде елді іркіттей іріткісі келіп, жалған ақпараттарды таратындар саны да арта түседі. Сондықтан, қоғам белсенділері жұртшылықты тек ресми ақпаратқа сеніп, Президент бастамасын қолдауға шақырады.

Болат Құдайбергенұлы, тарих ғылымдарының кандидаты:

Осыдан ғасыр бұрын Ахмет байтұрсынұлы Алаштың азаматы айтқаны бар: «Ел бүгіншіл, менікі ертең үшін», деген. Сондықтан да бүгінгі күнде, осындай қиын заманда елді елім дейтін, ерім дейтін елге де, ерге де сын болған сағатта біздің Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының игі шараларды жүргізіп жатуы бұны барлығымыз қолауымыз керек. Елімізх ертеңге үмітпен қарап, біз болашақта үлкен жетістіктерге жетуіміз керек. Бір қасиетті сөз бар: «Тәуелсіздікті алғаннан, оны ұстап тұру қиын»- деген екен.

Иә, бейбітшілік байрағын биік ұстау, азаттықтың ақ туын төмен түсірмеу оңай шаруа емес. Бастысы ел іргесін іркілтпей, Тәңір тәбәрігімізді тарылтпай таратсын!

 

Зұлқарнай Ермұратұлы