Павлодарлық оқушылар ғылыми жобаларын ұсынды
Павлодарда оқушылар арасында ғылыми жобалар байқауы ұйымдастырылды. Жас зерттеушілер 18 бағыт бойынша тың бастамаларын ұсынды. Толығырақ – алдағы сюжетте.
Әлихан Бөкейханов атындағы білім ордасында ғылыми жобалар байқауының қалалық кезеңі өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл жас зерттеушілер сайысының ауқымы кеңейіп, бағдарламаға жаңа секциялар
Білім додасына қала мектептерінің 9-10 сыныптарында оқитын үш жүзден астам оқушы қатысты. Олар он сегіз секцияда білімін ортаға салып, жұмыстарын жекелей және топпен қорғап шықты.
Жас зерттеуші бұған дейін де осы бағыттағы байқауларда бағын сынап үлгерген. Биология бағытында ізденіс жасап жүрген ол аталған жобасын дайындауға жаз мезгілінде-ақ кірісіп кеткен.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы білім беру бөлімінің дипломдарымен марапатталды. Ал әр бағыттың бірінші, екінші орын иегерлері облыстық кезеңге жолдама алып, шаһар намысын қорғауға мүмкіндік алды.
Жұлдыз Қабылденова