Негізгі Жаңалықтар Бұзылған учаскелерді ай соңына дейін жөндеу тапсырылды 

Бұзылған учаскелерді ай соңына дейін жөндеу тапсырылды 

«Қала жаңалықтары» айдарында облыс орталығында болып жатқан жаңалықтарды жеткіземіз. Павлодар қаласының әкімі Хасар Хабылбеков қаланы аралау кезінде көзі жеткен бір мәселеге тоқталды. Ол – инженерлік желілерді жөндеу кезінде бұзылған учаскелірді жөндеу. Бұл мәселе бойынша арнайы жиын өтті.

Хасар Хабылбеков, Павлодар қаласының әкімі
Полиция, тұрғынүй инспециясы, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау мекемесі сіздерді бұл мәселеге жіті назар аударуларыңызды сұраймын. Қазіргі әлемде бюұнда йолқылық болмауы тиіс. Көлік жүргізушілері мен тұрғындар наразылық танытуда. Бұзылған учаскелірді жөндеу мерзімі созылып барады. Жөндеу жұмыстарының сапасыз орындалған жағдайлары да анықталды. Бүгінгі күні 85 учаске әлі қалпына келтірілмеген. 174 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қалған барлық учаскелерді екі апта ішінде қалпына келтіруді тапсырамын. Салалық қызметтер полициямен бірлесіп, орындалған жұмыстардың сапасын тексереді. Барлық қазылған учаскелер айдың соңына дейін қалпына келтірілуі тиіс. Бақылау апта сайын жүргізіледі.


Бөлісу