Негізгі Жаңалықтар «Таза Qazaqstan» эстафетасы Павлодарда

«Таза Qazaqstan» эстафетасы Павлодарда

Жастар тазалықты қолдайды. «Әділет» партиясының жастар қанаты ұйымдастырған «Таза Qazaqstan» эстафетасы облысымызға жетті. Экологиялық науқанның барысы туралы әріптесім тарқатады.


Бұл жоба табиғатты қорғау, қоршаған ортаны таза ұстау және азаматтық құндылықтарды бір арнаға тоғыстыруды көздейді. Эстафета Ақмола облысында бастау алып, Ертіс-Баян өңірінде жалғасын тапты.


Алдымен экошара Екібастұз қалалық әкімдігіне қарасты Төрт-құдық ауылының маңын қамтыды. Бұл аумақты жастар қоқыстан тазалады. Эстафета осы іспетті бірнеше қоғамдық, тарихи-мәдени орынды ретке келтіруді көздейді.


Іс-шараға Павлодар облысынан 200-ден аса белсенді жас қатысуда. Олар тазалық әр адамнан басталатынын айтып, өзгелерді де қоршаған ортаға ұқыпты қарап, осындай игі бастамаларға атсалысуға шақырды.


Бұдан кейін Екібастұз қаласында жастар үшін ашық аспан астындағы көңілді кеш ұйымдастырылды. Қатысушылар демалып, эстафетаның келесі күніне күш жинады.


Жұлдыз Қабылденова

Бөлісу