Негізгі Жаңалықтар Шағын футбол турнирі

Шағын футбол турнирі

Павлодарда Ертіс ауданының құрметті азаматы Қабдылбари Алиновтың құрметіне арналған шағын футбол турнирі өтті. Жастар арасында салауатты өмір салтын үлгі еткен шараға тілшіміз куә болды.


Ғұмырын тек еңбекпен өткізіп келе жатқан ақсақал Қабдылбари Алиновтың құрметіне арналған шағын футбол турниріне замандастары мен достары, бүгінгі жастар жиналды. Жиналғандар алдымен ақсақалды мерейтойымен құттықтап сөз алды.


Қайрат Алтаев, Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары


Баршаңыздың басыңыз… ағамыз…


Ізгі тілектен соң қоғамдағы белсенділігі үшін марапат та табысталды. Көпті көрген, тек еңбекпен өмірін өрген қарттың өнегесі өзінен кейінгі жастарға үлгі.


Асқар Қуатов, турнирге қатысушы


Ол кісіні өте сыйлаймы. Денсаулық тілейміз ол кісіге.


Турнирге төрт команда қатысты. Команда құрамында жасы егде тартқан үлкендер де болды. Олар жасыл алаңда жастармен тең ойнап, спорттың адамға қай жаста да серік бола алатындығын көрсетті.


Қабдылбари Алинов, Ертіс ауданының құрметті азаматы


Ертіс ауданы, Павлодар облысы… тәрбие ретінде…


Әр ойын тартысқа толы болды. Осылайша жиналғандар салауатты өмірді насихат етті.

Бөлісу