Негізгі Жаңалықтар Бүлдіршіндер ордасының мерейтойы

Бүлдіршіндер ордасының мерейтойы

Железин ауданындағы «Балапан» сәбилер бақшасының құрылғанына 15 жыл толды. Мерейтойға орай салтанатты шара ұйымдастырылып, ұжым мүшелері, ата-аналар мен бүлдіршіндер бас қосты. Жиында балабақшаның осы уақыт аралығында жеткен жетістіктері мен балалар тәрбиесіне үлес қосып жүрген қызметкерлердің еңбегі аталды. 


2011 жылы ашылған «Балапан» сәбилер бақшасы бүгінде ауданның мектепке дейінгі тәрбие беру жүйесінде өзіндік орны бар мекемеге айналды. Мерейтойлық жиында білім беру саласының дамуына үлес қосып, кәсіби міндеттерін абыроймен атқарып жүрген қызметкерлердің еңбегі еленді. Бірқатар маманға адал қызметі мен жоғары кәсіби көрсеткіштері үшін алғыс хаттар табысталды.

Әлия Қабдулова, Железин ауданы «Балапан» сәбилер бақшасының басшысының міндетін атқарушы

Балабақшада бала орны 100. 5 топ. Ерте жас, кіші топ, ортаңғы топ, ересек топ. Биыл алғаш рет даярлық топ ашылды. 29 қызметкер бар. 10 тәрбиеші 2 педагог. Биыл біз облыстық «Жасыл желек 2026» конкурсына қатысып, номинацияға ие болдық.  

Балабақша өміріндегі маңызды сәттерді ата-аналар да ұжыммен бірге бөлісті. Олар үшін тәрбиешілердің кәсібилігі мен балаға деген ықыласы айрықша мәнге ие. Мәселен, Райгүл Серғазинаның үш баласы да осы мекемеде тәрбиеленген. Қазір екі баласы мектепте оқыса, кенжесі балабақшаға барып жүр. Бұл - ата-ана сенімінің және ұрпақтар сабақтастығының бір көрінісі.

Райгүл Серғазина, ата-ана

Негізі мен үшін балалапн бақшасының орны ерекше. Айтып өткендей, барлық бала осы балабақшаға келеді. Жалпы, осы 15 жылдың ішінде еңбек еткен, қазір еңбек етіп жатқан тәрбиешілерге ата-ана ретінде алғысым шексіз. Әр ата-ана үшін балалсын кімге тапсыру маңызды ғой. Балаларымыз таңертеннен кешке дейін осында болады. Осы 15 жылдың ішінде бақша тәрбиешілері барлық балаларға жылулық беріп, үлес қосуда. Оларға толағай табыс тілеймін, зор денсаулық, жұмыстары жемісті болсын. 

Мерекелік жиын концерттік бағдарламаға ұласты. Бүлдіршіндер ән айтып, би билеп, өз өнерлерін ортаға салды. Балалардың шат күлкісі мен сахнадағы жарқын сәттері мерейтойдың сәнін келтірді. 


Сабина Жолдаспаева 




Бөлісу