Железин ауданының орталығы жаңа қазандықты іске қосты
Железин ауданының орталығы 2 қазандықты жөндеу жұмыстарынан кейін іске қосты. Елдімекеннің бүгінгі тынысы қандай? Әріптесіміз тарқатсын.
Аудан орталығында жылу беру маусымына дайындық аясында екі қазандық жөнделді. Қазір аудан орталығында жалпы қуаттылығы 15 кВт болатын жеті қазандық жұмыс істейді. 4 қыркүйекте жылу беру басталды.
Әділ Садбеков, «Көмек» жылумен және сумен қамтамасыз ету кәсіпорнының директоры
Қазандықтар қажетті қызметті көрсетуде. Жылу беруі жақсы. Ал қалған бес қазандық Песчан қазандықтарымен жұмыс істейді. Екеуінің арасындағы айырмашылық бар.
Жаңартылған жабдықтар қазандық операторларының жұмысын жеңілдетіп, көмірді тиімді пайдалануға мүмкіндік берген. Мамандардың айтуынша, отын шығыны азайып, күл-қоқыс көлемі де төмендеген.
Дмитрий Райдер, қазандық операторы
Автоматты режимге араласпаймыз. Бұрын әр 15 минут сайын көмір салу қажет болса, қазір бір рет көмір салғаннан кейін қазандық бір жарым сағатқа дейін жұмыс істейді. Бұл – ұзақ уақыт бойы жануға арналған қазандық. Көмір шығыны азайып, түзілетін шлак мөлшері де едәуір төмендеді.
Жылу жүйесіндегі өзгерістерді ауыл тұрғындары да сезінген. Үйлердегі батареялар жақсы қызады, бөлме температурасы қолайлы.
Игорь Филиппов, Железин ауданының тұрғыны
Жылудың жақсарғанын бірден сезіндік. Кейде салқындасын деп терезені ашып қоямыз. Үйіміз жайлы әрі жылы, батареялар жақсы қызады, жылу қысымы да қалыпты. Бәрі тыныш, алаңдайтын ештеңе жоқ, үйдің жылуы көңілден шығады.
Айта кетейік, Железинка ауылындағы абоненттердің шамамен 60 пайызы орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған.
Байтұрсын Жұмабай