Железин ауданында облыстық волейбол турнирі өтті
Железин ауданында волейболдан қыздар арасында облыстық турнир өтті. Доп додасы қалай өткені жайлы әріптесіміз тарқатсын.
Железин ауданында волейболдан қыздар командалары арасында облыстық турнир ұйымдастырылды. Жарысқа Май, Ақтоғай, Павлодар, Железин аудандарының, сондай-ақ Екібастұз қаласының спортшылары қатысты. Доп додасының ашылуында аудан әкімі қатысушыларға сәттілік тілеп, мұндай бәсекелердің волейболды дамытуға ықпал ететінін атап өтті.
Айтуған Шайхимов, Железин ауданының әкімі
Сіздерге сәттілік тілеймін. Біздің ауданымызға үлгі болып. Волейболды дамытуға үлкен септік тигізеді деп ойлаймын.
Ұйымдастырушылардың мақсаты — өңірдегі командалардың әлеуетін арттырып, волейболдың ауыл-аймақтарда кеңінен дамуына жағдай жасау. Жарыс барысында спортшылар шеберліктерін көрсетіп, командалық бірлік пен жеңіске деген жігерін танытты.
Тоқболат Жайнақов, Павлодар ауданы волейбол құрамасының аға жаттықтырушысы
Жарыстың ауқымын түсіну маңызды. Әр команданың мәселелерін анықтап, оларды шешу жолдарын қарастыру қажет. Волейбол әр ауылда, әр ауданда дамуы үшін жұмыс істеуіміз керек. Мұның нәтижесін командалардың көрсеткіштерінен көруге болады.
Қатысушылардың айтуынша, бұл турнирге дайындық тыңғылықты жүргізілген. Әр команда үшін жарыс тәжірибе жинақтап, өзара шеберлік байқасуға мүмкіндік берді.
Ақбаян Жаңабек, қатысушы
Біздің құрама командамыз Железин ауданы. Бұл жарысты көптен күттік. Тек ғана жеңіс.
Турнир нәтижесінде үшінші орын Екібастұз командасына бұйырды. Екінші орынды Павлодар ауданының волейболшылары иеленсе, Железин ауданының командасы өз алаңында жеңіске жетіп, аудан әкімінің кубогін қанжығасына байлады.
Байтұрсын Жұмабай