Бұл әлеуметтік мекемеде бүгінгі таңда 200 ден астам қарт тұрып жатыр. Олардың 77 –сің мүгедектігі бар. Мекеме тұрғындарына 8 бағыт бойынша қызмет көрсетіледі. Тұрмыстық қызметтен бастап, құқықтық қызметтерге дейін бар. Аманат партиясының өкілдері әуелі мекеменің қызметтік қолжетімдігі мен қызмет көрсету сапасын көру мақсатында осында ат басын тіреді.

Анар Жетібаева, облыстық мәслихат депутаты:

Жалпылама біз енді қарттардың өмір сүру жағдайын, бұл адмдардың тұрмыстары қандай екенін қарап шықтық. Ғимарат әрине ескі. Күрделі жөндеу жұмыстары жүрмеген. Ағымдық жұмыстармен шектелген.

Әрине, мәселе тек ғимаратта ғана емес. Осы мекемененің тұрғындарының мұңы қандай? Мәселері неде? Тиесілі қызметке толық қолдары жете ме? Депутаттар назарынан бұл да тыс қалған жоқ.

Анар Жетібаева, облыстық мәслихат депутаты:

Әрине, кемшіліксіз болмайды. Бар иә кемшіліктер бар. Қазіргі күні медициналық қызметті алсақ. Мүмкіншілік жасалып отыр. Осы орталықта дәрігердің жоқтығы. Бұндағы жатқан ададмар үлкен жастағы адамдар.

Мекеме басшысы Гүлнар Асылбекова да ғимараттың заманау кейіпке енетін уақыты келді. 

Гүлнәр Асылбекова, «қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі Ақсу арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» кмм басшысы:

Өткен жылы ағымдағы жөндеуге миллон теңгеден астам қаржы жұмсадық. Мен бұнда екінші жыл жұмыс істеп жатырмын. Білуімше, бұнда күрделі жөндеу өтіп көрген жоқ. Бұл мәселе бойынша жобалық сметалық құжат жасау керек. Сосын әрине, қаржы бөлінуі керек. Сосын бюджетке сұрау жіререміз.

Аманаттықтар мекеменің жұмысына жалпы жақсы деген баға беріп отыр. Әсіресе, осындағы қызметкерлердің жұмысы тұрғындар көңілінен шығып отыр.

 

Жанасыл Серікбол