Облыс әкімі Шарбақты ауданындағы орақ науқанын тексерді
Шарбақты ауданында орақ науқаны қызу жүріп жатыр. Дәнді дақылдардың жартысынан астамы жиналып үлгерді. Ал жуырда шаруалар күнбағыс жинауға кірісті. Облыс әкімі Асайын Байханов егіс алқаптарындағы жұмыстардың қарқынын бағалап, жергілікті диқандардың аптап ыстықтың салдарымен қалай күрескенін талқылады. Толығырақ әріптесм баяндайды.
Биыл Шарбақты ауданындағы орақ науқаны 212 мың гектар алқапты қамтиды. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен шамамен 20 мың гектарға артық. Негізгі өсім майлы дақылдарға тиесілі. Оларға 96 мың гектар жер бөлінген. Дегенмен, дәнді дақылдар бұрынғысынша негізгі орында. Сонымен қатар картоп, көкөніс және мал азықтық дақылдарға да ерекше көңіл бөлінуде. Ал өнімділік көрсеткіші бойынша аудан облыстық орташа деңгейге сәйкес келеді.
Өңір басшысының пікірімен «Турбин» шаруа қожалығының диқандары да келіседі. Қиындық мол болайды дейді қожалық иесі. Алайда, жағдайға қарай эедел әрекет етіп, қиындықтарды еңсере алғандығынң арқасында кмобайндары қарақұмық пен күнбағысты егуге кірісті.
Владимир Турбин, «Турбин» шаруа қожалығының басқарушысы
Жауын-шашын аз болды, аптап ыстық тұрды. Бұл өнімділікке әсер етті, бірақ айтарлықтай емес. Минералды тыңайтқыштар сеуіп, жапырақ арқылы қоректендіру жұмыстарын жүргіздік. Бұл өнім алуға мүмкіндік берді. 550 гектарға бидай септік, өнімділігі гектарына 7 центнер болды. Арпа 940 гектар алқапты алып жатыр. Өнімділігі — гектарына 6 центнер. Күнбағыс 1600 гектарға егілді, гектарына шамамен 10 центнер өнім аламыз деп күтіп отырмыз. Қалған алқаптардан да осындай нәтиже болады деп болжап отырмыз. Қарақұмық 1300 гектарға егілді, өнімділігі гектарына 8–10 центнер шамасында.
Одан кейін облыс әкімі «Амид» шаруа қожалығының алқаптарына барды. Биыл мұндағы жалпы егін жинау жұмыстарының көлемі 3,5 мың гектарға жуықтайды. Шаруашылықтағы бидай мен арпа сияқты дәнді дақылдар негізінен жиналып болды. Енді диқандар қарақұмықты жинауға дайындалып жатыр. Одан кейін майлы дақылдарды жаппай жинау басталады.
Дмитрий Белявский, «АМИД» шаруа қожалығының басшысы
Майлы дақылдардың біраз жинап көрдік. Өнімділік гектарына 11 центнерді құрап отыр. Минералды тыңайтқыш қолдандық. Әзірге бұл алқаптарды толық жинап үлгермесек те, айырмашылық қазірдің өзінде байқалады. Әсіресе осындай тыңайтқыш қолданылған және қолданылмаған жерлердің айырмашылығы анық көрінеді. Келесі жылы минералды тыңайтқыштар қолданылатын егіс алқаптарының көлемін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз.
Облыс әкімінің жұмыс сапарының соңғы аялдамасы аудандағы ең ірі «Победа» шаруашылығы. Биыл мұнда 37 мың гектар жерге егін егілген. Шаруалар күнбағыс пен бидайдан бөлек, арпа, сұлы, қарақұмық және жүгері өсіреді. Диқандардың айтуынша, әзірге өнімділік жаман емес. Бұған топырақты дұрыс өңдеу мен үстеп қоректендірудің пайдасы тиген.
Владимир Поляков, «Победа» шаруа қожалығының басшысы
Көп жұмыс жүргіздік. Топырақты дұрыс дайындап, құнарландырдық. Терең қопсытып, радикалды өңдеу жұмыстарын жүргіздік. Бұл ылғалды сақтап, себу мөлшерін арттыруға мүмкіндік берді. Нәтиже жаман емес. Дәнді дақылдардың өнімділігі гектарына шамамен 10 центнер. Күнбағыстың өнімділігін әзірге нақты айта алмаймын, енді ғана жинай бастадық. Одан да гектарына шамамен 10 центнер өнім аламыз деп болжап отырмыз.
Дайын өнім сақталатын қойманы аралау кезінде облыс әкімі Асайын Байханов пен шаруашылық басшысы жиналған бидайдың сапасын талқылады. Биыл шаруалар бидайдың өұнарлылығы біршама төмендегенін айтып отыр. Бұған ауа райы жағдайы әсер еткен. Сондай-ақ жиналған өнімді одан әрі өткізу және оны сақтау бойынша шаруашылықтың жоспарлары сөз болды.