Негізгі Жаңалықтар «Ertis aula fest» өтті 

«Ertis aula fest» өтті 

Павлодар қаласындағы аулалардың бірінде балалар мен жасөспірімдер арасында спорт фестивалі өтті. Олар волейбол, футбол, баскетбол ойнап бір бірімен жарысты. Жалпы, «Ертіс аула фест» спорт жарысы осымен екінші жыл қатарынан өтіп жатыр. Көптің көңілінен шыққан жоба.


Бұл Павлодар қаласындағы «Восточный» шағын ауданы. Жақында қала әкімі келіп, тұрғындармен кездескен еді. Аула тұрғындарының өтініші бойынша аумақ абаттандырылып, жақсы жағдай жасалды. Енді спорт додаларын өткізуге болады. 

Айнагүл Сәрсембаева, Павлодар қаласы ішкі саясат бөлімінің басшысы

Құрметті ата-аналар, құрметті балалар, біз сіздердің аулада жай жиналмадық. жақында ғана осы аулаға қала әкімі келген еді. Аулаларыңыз көпке үлгі болатындай. Сіздер өздеріңіз қалаған, сұраған жағдайдың бәрі жасалды. Сондықтан тату-тәтті өмір сүріңіздер. 

«Ертіс аула фэст» осымен екінші жыл қатарынан өтіп жатыр. Көптің көңілінен шыққан жобалардың бірі. Жыл басынан қаланың әр ауданында 10-ға жуық осында спорт шарасы ұйымдастырылды. 

Арина Краскова, «Жасыл ел» облыстық штабының жобалық менеджері

Бүгін бізде жарқын спорт фестивалі. Ол салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған. Бұл сенбілік таңды спортпен шұғылдануға, спорт клубтарымен танысуға, осы аумақта тұратын балалар спорт шарасына белсенді қатысуы үшін жасалып отыр. 

Осы аумақта тұратын біраз баланың басы қосылды. Ойнап, жүгіріп, түрлі спорт эстафеталарынан өтті. 

Азалия Мусина, қатысушы

Иә маған өте ұнайды. Мен сыйлық аламын. Мен хочу асықтарды ойнауға, және тоғызқұмалақ. 

Айта кетейік, шара «Заң және тәртіп» заңнамасы аясында ұйымдастырылды. Басты мақсат балалар арасында салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау, жаман қылықтардан алшақтату. 


Самал Қалиқызы



Бөлісу