Отбасы және әскери өмір
Отбасы — қоғамның берік негізі, ал оның іргетасы сыйластық пен өзара түсіністіктен қаланады. Отбасы күніне орай 6679 әскери бөлімдегі жас жанұямен тілшіміз танысып қайтты. Ары қарай өзі тарқатсын.
Әскери қызмет — жоғары жауапкершілікті талап ететін мамандық.
Мұндай кезде жанындағы жақын адамның қолдауы мен түсіністігі қызметтегі азамат үшін маңызды демеу болады. Бүгінде Ернат Қанатов әскери қызметте жүрсе де отбасылық өмірін жары Әнел Қанатовамен қатар қалыптастырып келе жатыр.
Жас шаңырақтың жарастығы күнделікті тұрмыстан, ортақ шешім мен өзара қолдаудан көрінеді. Бір-бірінің мақсатын құрметтеп, қуанышы мен қиындығын қатар бөлісу — ерлі-зайыптылардың арасындағы байланысты нығайта түседі.
Отбасы күніне орай әскери бөлім қызметкерлері де шет қалмай, жас жанұя қолдау мен ілтипатқа ие болды.
Алдағы уақытта жас жанұяны ортақ жоспар мен жаңа белестер күтіп тұр. Ернат пен Әнел үшін басты мақсат — бір-біріне тірек болып, отбасылық өмірді жарасымды жалғастыру.
Салтанат Бауыржанқызы