Негізгі Жаңалықтар Онкологиялық диспансерде ашық есік күні өтеді

Онкологиялық диспансерде ашық есік күні өтеді

Павлодар облыстық онкологиядық диспансері кезекті ашық есік күніне шақырады. Бұл жолы шара жатыр мойны қатерлі ісігін анықтауға бағытталып отыр. Жолдамасыз келіп, дәрігерлерге қаралу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз. 


Қазіргі таңда облыс бойынша 14 мыңнан астам адам онкологиялық диспансерде есепте тұр. Осы жылдың 7 айында 1547 пациент есепке алынған. Олардың қатарында жатыр мойыны қатерлі ісігі де тіркелген. 

Ашық есік күні 26 қыркүйек күні Павлодар облыстық онкологиялық диспасерінде өтеді. Оған жолдамасыз, тек жеке куәлікпен келуге болады. Осы ретте дәрігерлер, қосымша сараптамалар мен зерттеулер қорытындылары болса, алып келуді сұрайды. Бұл диагнозды нақтылап, ем алуға көмектеседі. 

Самал Қалиқызы



Бөлісу